Мәслихат хатшысы

Мәслихат хатшысы

secretmasl

Бейсенбек Тоқтарбекұлы Ақжалов, 1961 жылы туған, білімі жоғары, 1983 жылы Житомир мемлекеттік педагогикалық институтының филология– педагогикалық факультетін бітірген. Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Халықаралық ақпараттық академиясының тілші-мүшесі, ғылыми мақалалар мен басылымдардың авторы.

Өз еңбек жолын Семей қаласыныңМКТУ-43 орыс тілі және әдебиеті оқытушысы ретінде бастады. 1985 жылы Крупская атындағы Семей педагогикалық институтының  пионер және комсомол жұмысының теориясы және әдістемесі кафедрасының лаборанты қызметін атқарды.  

1985 жылдан 1988 жылға дейін Семей медициналық институтының емдеу факультеті комсомол комитетінің хатшысы, одан әрі аталған оқу орнының комсомол комитетінің хатшысы лауазымдарын атқарды.

1985 жылдан 2013 жылға дейін Б.Т. Ақжалов Семей медициналық университетінде тағылымдамадан өтушіден кафедра меңгерушісіне дейін  үздіксіз  қызмет етті.

2012 жылы Семей қаласы мәслихатының депутаты болып сайланды. 2013 жылдың шілде айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Семей қаласы мәслихатының хатшысы болып табылады.

Көп жылғы және жемісті еңбегі үшін Б.Т. Ақжалов«Қазақстан  Республикасының Конституциясына 20 жыл» медалімен, «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл» медалімен, Қазақстан  Республикасының Тәуелсіздігіне  25 жыл» медалімен, «Невада-Семей» Халықаралық ядроға қарсы қозғалысқа 10 жыл» медалімен, «Нұр Отан» партиясының төрағасы Н. Назарбаевтың алғыс хатымен, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Құрмет грамотасымен, «Қазақстан Республикасының құрметті білім қызметкері» төсбелгісімен, мемлекеттік органдардың құрмет грамоталары мен алғыс хаттарымен марапатталған. 

Отбасылы, екі бала тәрбиелеп отыр.


Қалалық мәслихатының хатшысы
АҚЖАЛОВ Бейсенбек Тоқтарбекұлы
ВОЙТИ

S5 Box