Негiзгi бет

2016 жылғы 5 қазанда

2016 жылғы  5 қазанда қалалық мәслихаттың алтыншы кезектен тыс сессиясында мынадай екі сұрақ  қаралды: «Семей қаласы мәслихатының 2014 жылғы 5 наурыздағы № 27/139-V «Семей қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» және «Семей қаласы мәслихатының 2015 жылғы 18 наурыздағы № 38/211- V «Семей қаласы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау, шығару және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы»  шешіміне өзгерістер енгізу туралы». 

Сессияға 24 депутаттан  17-сі қатысты. Сонымен қатар, қала әкімі Ермак Бидахметұлы Сәлімов, қала әкімінің орынбасарлары, қаралған мәселелерге қатысы бар бірқатар бөлімдердің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.    

Аталған мәселелер бойынша шешімдерді депутаттар бірауыздан қабылдады. ШҚО Әділет департаментінде тіркеуден өткеннен кейін олар бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. 


Қалалық мәслихатының хатшысы
АҚЖАЛОВ Бейсенбек Тоқтарбекұлы
ВОЙТИ

Кім сайтта

Қазір бір қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

S5 Box