Негiзгi бет

2016 жылғы 20 қазанда

2016 жылғы 20 қазанда Семей қаласы мәслихатының әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спортты дамыту, сонымен қатар құқықтық мәселелер, депутаттық этика және өкілеттіктер  мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияларында Дальняя көшесін Зәкәрия Белібаевтың атына, Шмидт көшесін Қайым Мұхамедханов атына қайта атау мәселелері бойынша көпшілік тыңдаулар өтті. Онда мәслихат депутаттары, қала әкімінің орынбасары, бірқатар дербес атқарушы органдардың басшылары, қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, қала тұрғындары қатысты.

Жоғарыда айтылған мәселелер бойынша баяндамашы болып қала әкімінің орынбасары Н.В. Шарова сөз сөйледі. Сондай-ақ, көше атауларын қайта атауға бастамашы болған азаматтар да  өз пікірлерімен бөлісті.

Бірінші мәселе бойынша тұрақты комиссиялардың мүшелері Дальняя көшесін Зәкәрия Белібаевтың атымен атауға бірауыздан дауыс берді. Енді осы ұсыныс қала әкімінің атына, одан әрі   құжаттарды  облыстық және республикалық билік органдарына тиісті шешімдер қабылдау үшін беруге жолданады.

Екінші мәселе күн тәртібінен алынып, атқарушы органға пысықтау үшін қайтарылды.   


Қалалық мәслихатының хатшысы
АҚЖАЛОВ Бейсенбек Тоқтарбекұлы
ВОЙТИ

Кім сайтта

Қазір 39 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

S5 Box