Негiзгi бет

Көп балалы отбасыларға депутаттардың көмегі.

17-05-2019

Қалалық мәслихат депутаттары қиын өмірлік жағдайдағы көпбалалы отбасыларға көмек көрсетті.

Депутаттар қызметінің басым бағыттарының бірі әлеуметтік саланың даму бағыттары болып табылады. Әрбір депутат өз сайлау округіндегі табысы төмен отбасыларына қолдау көрсету жұмыстарын өткізді. Көпбалалы отбасылардың проблемалары елеусіз қалған жоқ. Азаматтардың барлық сұраулары мен өтініштері бақылауда. Депутаттар көпбалалы отбасылардың үйлеріне барып, тұрмыс жағдайларымен танысады, жағдайға қарасты қандай көмек көрсетілу керектігін анықтайды. Мүмкіндігінше әрбір отбасына көмек көрсетілді.

Атап айтқанда, бүгінгі күнге: жұмыспен қамту мәселесі бойынша, қажетті құжаттарды ресімдеу, медициналық қызмет көрсету, көп балалы отбасылардан шыққан мектеп оқушылары мен мектеп жасына дейінгі балаларды тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету, қажетті балалар киімдерімен,  тамақ өнімдерімен, көмір және отынмен қамтамасыз ету  сияқты жан-жақты көмек көрсетілуде.

Азаматтардың проблемаларын шешуге көмектесу мақсатында қалалық әкімдіктің басшылары мен мамандары, сондай-ақ қалалық мәслихаттың депутаттары қатысуымен кеңес беру алаңдардың жұмысы ұйымдастырылды. Азаматтарды қабылдау қаланың орта мектептерінде өткізіледі. Кез келген тұрғын өзінің сұрағына кеңес ала алады. Кеңес беру алаңдары ақпан айының соңына дейін жұмыс істейді.

Осы мақсатпен апта сайын, әрбір бейсенбі күні, қалалық мәслихаттың депутаттары қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдайды. Қабылдау кестесі ресми түрде бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады, сонымен қатар мәслихаттың ресми сайтында орналасқан.  

Адамдар қоғамдық қабылдау бөлмесіне көмек сұрап келеді, өздерінің өзекті мәселелері шешуін табады деп үміттенеді. Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде басқа инстанцияларда қолдау таба алмаған азаматтар депутаттардан көмек сұрап, өтініш білдірді. Қабылдауға келген үміткерлердің сұрақтары көбінесе тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына қатысты. Мұқтаж тұрғындардың әрқайсысы үшін консультация берілді, депутаттардың өтініштері тиісті органдарға жіберілді, тұрғындардың сұрақтарының орындалуы бақылауға алынды.

Билік өкілдері ретінде, депутаттар тұрғындардың өзекті проблемаларына бей-жай қарамайтынына адамдардың сенімді болуы өте маңызды. Әрбір мұқтаж тұрғынға мұқият қарау - кез-келген проблеманы сәтті шешудің негізгі шарты.


Қалалық мәслихатының хатшысы
АҚЖАЛОВ Бейсенбек Тоқтарбекұлы
ВОЙТИ

Кім сайтта

Қазір 19 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

S5 Box