Негiзгi бет

Семей қаласы мәслихаты депутаттарының және қала тұрғындарының назарларына.

Семей қаласы мәслихатының кезектен тыс сессиясы 2019 жылдың 29 мамырында мәжіліс залында сағат 09.00-де өтеді (Қ. Мұхамедханов көшесі,8, 518 каб.)

Депутаттарды және шақырылғандарды тіркеу 08 сағ. 30 мин.

Ұсынылатын күн тәртібі:

1. Семей қаласы мәслихатының 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № 32/212-VI «Семей қаласының 2019-2021 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

2. «Қаланың терроризмге қарсы комиссиясының дербес құрамы туралы» 2018 жылғы 29 қарашадағы № 30/199-VI шешімге өзгерістер енгізу туралы.

3. «Қала әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамы туралы» 2018 жылдың  29 ақпандағы № 3/200-VІ шешімге өзгерістер енгізу туралы.

4. Қала әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамы туралы.

5. «Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткiзу тәртiбiнің қосымша ережелері туралы» Семей қаласы мәслихатының 2016 жылғы 25 ақпандағы № 50/276-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

6. Семей қаласы мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 28/150-V «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

7. Семей қаласы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау,  шығару, өңдеу және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы.


Қалалық мәслихатының хатшысы
АҚЖАЛОВ Бейсенбек Тоқтарбекұлы
ВОЙТИ

Кім сайтта

Қазір 20 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

S5 Box