Негiзгi бет

Семей қаласы Қоғамдық кеңесі отырысының қорытындысы.

26-06-2019-1

2019 жылы 10 маусымда қала әкімі Е. Сәлімовтың қатысуымен Семей қаласының қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.

Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:          

1. Семей қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2020-2025

жылдарға арналған кешенді жоспары туралы.

2. Радиациялық медицина және экология ҒЗИ қызметі туралы.

3. "Семей қаласының аумағында жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық тұрақты тасымалдаудың маршруттық желісі туралы» Семей қаласы әкімдігі қаулысының жобасы туралы.

4. Семей қаласының ауылдық елді мекендерінде туратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін коммуналдық  қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету туралы.

Семей қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2020-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов ұсынды. Жоспардағы басым бағыт қаланы абаттандыру, жолдарды жөндеу болып табылады. Осы жылдан бастап жоспардың негізгі тармақтарын іске асыру басталады: Қарағайлы шағын ауданын дамыту жұмыстары, жаңа мектептер, балабақшалар құрылысы. Сондай-ақ, алдағы уақытта автокөлік көпірін қайта жаңарту және қала сыртына айналма жол салу көзделген. Бұл үлкен жүк автокөлігінің қозғалысын қаланың сыртына көшіру есебінен негізгі магистральдардан үлкен жүктемені алып тастауға мүмкіндік береді.

Қала тұрғындарының және тасымалдаушылардың көптеген өтініштері негізінде, жаңа әлеуметтік нысандардың ашылуын және қала шекарасының өзгеруін ескере отырып, Қоғамдық кеңес отырысының қарауына «Семей қаласының аумағында жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық тұрақты тасымалдаудың маршруттық желісі туралы» қала әкімдігінің қаулысына өзгерістер шығарылды.  Жаңа маршруттық желіге келесі маршруттар қосылды: 23, 31 – автобус маршруттары, 10, 57 – шағын автобус маршруттары, 21 маршрут шағын автобустық машрутқа ауыстырылды. Бұл оңтайландыру тасымалдаушылар үшін жолаушылар ағынын сақтауға, жолаушылар үшін сапардың жайлылығы мен қауіпсіздігін арттыруға, сапар уақытын қысқартуға, жаңа аудандарды қамтуға, шеттерін қала орталығымен және әлеуметтік объектілермен байланыстыруға мүмкіндік берді.

Отырыс барысында, біздің қала мен аймақ тұрғындары арасында қызығушылық тудыратын, радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институтының қызметін қалпына келтіру мәселесі қарастырылды. Қатысушылар мекеменің қызмет кешенімен және одан әрі даму перспективаларымен танысты.

Қоғамдық кеңес мүшелері қалалық мәслихаттың «Семей қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін коммуналдық  қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету туралы» шешім жобасын қарастырды.   

Отырыста құзыретті тұлғалардың қатысуымен қала тұрғындарын толғандыратын бірқатар өзекті мәселелер қаралды. Отырыс қорытындысы бойынша басқарушылық шешімдер қабылдау үшін тиісті атқарушы билік органдарына жіберілген ұсыныстар мен ұсынымдар шығарылды.


Қалалық мәслихатының хатшысы
АҚЖАЛОВ Бейсенбек Тоқтарбекұлы
ВОЙТИ

Кім сайтта

Қазір 32 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

S5 Box