Негiзгi бет

Дене шынықтыру мен салауатты өмір салтын балалар, жасөспірімдер және жастар арасында насихаттау – депутат қызметінің маңызды құраушысы.

20190725 100335

1-ші және 7-ші шілде аралығында Семей қаласында жеке жаттығулар,  пауэрлифтинг бойынша жасөспірімдер мен қыздар арасында Қазақстан Республикасының жастар чемпионаты өтті. Осы ауқымды шараны ұйымдастырушылардың бірі - қалалық мәслихаттың депутаты Андрей Викторович Алтайбаев.

 Өткен ауқымды іс-шараның мақсаты - жастарды дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ жастар арасында пауэрлифтингті насихаттау болып табылады. Чемпионатқа еліміздің 14 облысынан 200-ден астам спортшы қатысты.

Дене шынықтыру мен спортты дамыту мәселелері еліміздегі әлеуметтік саясаттың негізгі бағыты. Мемлекеттің спортқа деген қатынасы, халықтың дене және адамгершілік денсаулығына деген қамқорлық – бұл қоғамдағы тұрақтылықтың, оның дамуы мен ілгерілеуінің жарқын көрсеткіштерінің бірі. Азаматтардың, әсіресе балалар, жасөспірімдер мен жастар арасында дене шынықтыру мен салауатты өмір салтын насихаттау өте маңызды – бұл қалалық мәслихатының депутаты Андрей Алтайбаевтың қызметінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.


Қалалық мәслихатының хатшысы
АҚЖАЛОВ Бейсенбек Тоқтарбекұлы
ВОЙТИ

Кім сайтта

Қазір 9 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

S5 Box