Негiзгi бет

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Д. М. Мусиннің Семей қаласы мәслихатының депутаттарымен және аппарат қызметкерлерімен кездесуі

03-09-2019

2019 жылы 22 тамызда ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дүйсенғазы Мусин Семей қаласы мәслихаты депутаттарымен және аппарат қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Кездесудің күн тәртібіне Сенат спикері Дариға Назарбаеваның мәслихаттардың және оның аппараттарының қызметін оңтайландыру туралы ұсынған бастамалары туралы мәселелері қойылды, нормативтік-құқықтық актілердің жобалары талқыланды.

Сенатор кездесуге қатысушыларды ҚР Парламенті жүргізіп отырған заң шығару жұмысы, соның ішінде агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу жөнінде заң жобасы туралы хабардар етті.

Кездесу барысында депутаттар агроөнеркәсіптік кешен, медицина, көлік және коммуникация салаларында бірқатар сұрақтар қойды. Жоғарыда көрсетілген мәселелер бойынша қалалық мәслихат депутаттары ҚР Парламенті Сенатының депутаты Д. М. Мусиннің атына сұрау жібереді.

Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен заңнамалық жүйесін жетілдіруге елеулі үлес қосқаны үшін ҚР мәслихаттарының 25-жылдығына орай ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дүйсенғазы Мусин Семей қаласы мәслихатының депутаттары Р.С.Хазиповқа және А.С.Досқожановқа Құрмет грамоталарын тапсырды.

Жұмыс сапары барысында сенатор Дүйсенғазы Мусин Қарағайлы кентіндегі тұрғын үйлер мен "Абай Арена" мәдени-спорттық кешенінің құрылысымен танысты.


Қалалық мәслихатының хатшысы
АҚЖАЛОВ Бейсенбек Тоқтарбекұлы
ВОЙТИ

Кім сайтта

Қазір бір қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

S5 Box