Негiзгi бет

ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ДЕПУТАТТАР НАЗАРЫНДА

20190917 1019432019 жылдың 17 қыркүйегінде "2018-2019 жылдардағы жылыту кезеңінің қорытындысы және 2019-2020 жылдардағы қысқы жағдайларда жұмысқа дайындық барысы туралы" кезекті сессияға дайындық шеңберінде қалалық мәслихаттың хатшысы Бейсенбек Ақжаловтың басшылығымен қалалық мәслихаттың өндірістік, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшелері қаланы жылумен қамтамасыз ету нысандарын аралады.

Депутаттар "Орталық" қазандығында болып, "Зооветинститут" және "МЭН" қазандықтары арасындағы жылу желілерінің құрылысы, Докучаев көшесіндегі жылу желілерінің ағымдағы жөндеу барысымен танысты.

Аралау барысында, "Теплокоммунэнерго" ӨТБ МКК бастығы Әсет Жампейісов және ТҮКШ және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің өкілі Елена Проскурякова депутаттарға жылу беру маусымына дайындық бойынша өткізілетін іс-шаралар туралы егжей-тегжейлі түсіндірді.

Қалалық бюджеттен осы мақсаттарға 177,5 млн.теңге бөлінді, оның ішінде: 126 млн. теңге "Зооветинститут" және "МЭН" қазандықтары арасындағы бөгет салуға, бұл Силикат кенті абоненттерінің "МЭН" қазандығына ауыстыруға мүмкіндік береді, Докучаев көшесіндегі жылу желілерін ағымдағы жөндеуге 51,500 млн.теңге бөлінді.

Жылу беру маусымына дайындық жұмыстары ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін аяқталады деп жоспарлануда.


Қалалық мәслихатының хатшысы
АҚЖАЛОВ Бейсенбек Тоқтарбекұлы
ВОЙТИ

Кім сайтта

Қазір 6 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

S5 Box