Негiзгi бет

Семей қаласы мәслихаты депутаттарының және қала тұрғындарының назарларына.

Семей қаласы мәслихатының кезектен тыс сессиясы 2020 жылдың 3 наурызында мәжіліс залында сағат 10.00-де өтеді (Қ. Мұхамедханов көшесі,8, 518 каб.)

Депутаттарды және шақырылғандарды тіркеу 09 сағ. 30 мин.

Ұсынылатын күн тәртібі:

  1. Қала әкімінің оған жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауы жөніндегі есебі туралы.

  2. Семей қаласы мәслихатының 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 47/310-VI «Семей қаласының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

  3. Семей қаласының ауылдық елдi мекендеріне жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2020 жылға арналған әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы.

  4. «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Семей қаласы мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 28/150-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

  5. Семей қаласы мәслихатының 2019 жылғы 18 маусымдағы № 39/272-VI «Семей қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

  6. Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласын басқару схемасы туралы.

  7. «Қаланың терроризмге қарсы комиссиясының дербес құрамы туралы» 2018 жылғы 29 қарашадағы № 30/199-VI шешімге өзгерістер енгізу туралы.

  8. «Қала әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамы туралы» 2018 жылдың 29 ақпандағы № 30/200-VI шешімге өзгерістер енгізу туралы.

  9. Жер комиссиясының құрамын бекіту туралы.

  10. Депутат М.К.Көкрекбаев туралы.

  11. «Семей қаласының Құрметті азаматы» атағын беру туралы.

 

Қалалық мәслихатының хатшысы
АҚЖАЛОВ Бейсенбек Тоқтарбекұлы
ВОЙТИ

Кім сайтта

Қазір бір қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

S5 Box