Негiзгi бет

Сессиялардың қашықтық форматта өткізілуі.

Семей қаласы мәслихатының депутаттары сессияларды өткізудің қашықтық форматын таңдады. Елімізде төтенше жағдайға және жаппай іс-шараларға тыйым салуға байланысты қалалық мәслихат сессиясы онлайн режимінде өтеді.

Кезекті 50 сессияның күн тәртібі бойынша 21 мәселе қаралды. Семей қаласының 2019 жылға арналған бюджетінің орындалуы бойынша есептерді тыңдап, мәслихаттың шешімімен 2020-2022 жылдарға арналған ауылдық округтердің бюджеттеріне енгізілген өзгерістер бекітілді.

Абай Құнанбаевтың 175 жылдығын мерекелеу қарсаңында Семей қаласының тарихи - мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану бойынша жұмыстар туралы мәселе қаралды. Карантин режимі аяқталғанға дейін қалалық мәслихат сессиясы қашықтық форматта өткізіледі.

Сессия барысында коронавирустың таралуына жол бермеу бойынша алдын алу шараларына баса назар аударылды. Халықтың денсаулығын қорғау бойынша шектеу шараларын енгізу алгоритмісөз етілді. Карантиннің енгізілген режимі әкімшілік, медициналық-санитариялық, ветеринариялық және инфекциялық аурулардың таралуын болдырмауға бағытталған және шаруашылық және өзге де қызметтің ерекше режимін, халықтың, көлік құралдарының, жүктердің, тауарлар мен жануарлардың жүріп-тұруын шектеуді көздейтін өзге де шараларды көздейді.

Депутаттар қатарынан күн сайын бақылау жүргізетін уақытша мониторингтік топтар құрылды. Олар тіршілік әрекетінің келесі салаларына:

- әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасына;

- қаланың санитарлық жағдайына;

- қаланың дәріханалық желісінің дәрі-дәрмек және медициналық дәрі-дәрмек бағасына;

- жолдарды жөндеу және жолаушылар көлігін санитарлық тазартуға мониторинг жүргізеді.

Өмір тіршілігінің барлық салаларының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін және жедел әрекет ету үшін тұрғындар тәуліктің кез келген уақытында түрлі мәселелер бойынша хабарласа алатын жедел желілер жұмыс істейді.

Қала және облыс бюджетінен барлық уақытта шұғыл мұқтаждықтарға қаражат бөлінетін болады.


Қалалық мәслихатының хатшысы
АҚЖАЛОВ Бейсенбек Тоқтарбекұлы
ВОЙТИ

Кім сайтта

Қазір 26 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

S5 Box