Негiзгi бет

Семей қаласы мәслихатының мониторингтік топтарының жұмысы.

22-04-2020

2020 жылдың 22 сәуірінде қалалық мәслихат депутаттары арасынан құрылған мониторинг тобы ұйымдастырылмаған қоқыс үйінділерінің жағдайымен танысты. Сонымен қатар қоқыс тастайтын жерлердің көлемі тез ұлғайып, ТКШ бөлімі қоқысты шығаруды бақылауға үлгермей отыр.

Мониторингтік топ Суық бастау кентінде, Кирпичный кентінде, Северный базарының ауданында, Павлодар трассасының 3 шақырымында зират аумағында және құс фабрикасы ауданында ұйымдастырылмаған қоқыс тастайтын орындарға барды. Рейд қорытындысы бойынша аталған аудан тұрғындарының аз ғана бөлігі қоқыс шығару қызметін үнемі төлейтіні анықталды.

Қалған қалалықтар қоқыс шығаратын кәсіпорындармен келісім-шарт жасасуға асығар емес, ал қатты тұрмыстық қалдықтардан құтылу үшін қоқысты кез-келген жерлерге үйе береді. Бұл қоршаған ортаның экологиялық жай-күйінің нашарлауына алып келеді және адамдардың денсаулығына теріс әсер етеді, қауіпті ауруларға әкеп соғады.

Бүгінгі күні қоқыс шығарумен қаланың сол жақ жағалауында "Аманатстрой KZ" ЖШС, оң жағалауында "Семей Тазалық " ЖШС айналысады. Бұл ретте ақылы негізде қатты тұрмыстық қалдықтарды қабылдайтын жалғыз полигон жұмыс істейді. Экология туралы Заңға сәйкес, енді полигонға алдын ала сұрыпталған қалдықтарды әкелу қажет. Пластик, шыны және қағаз қоқысына тыйым салынған. Заңды және жеке тұлғалар қоқысты өз бетінше сұрыптауы тиіс.

Осылайша, қалалық мәслихат депутаттары мониторинг нәтижелері бойынша төмендегідей ұсыныстар жасады:

- қолданыстағы шаралардың бірі тұрмыстық қоқыстарды шығаруға келісім-шарт жасамайтын тұрғындарды жауапкершілікке тарту болып табылады;

- учаскелік инспекторлардың жұмысын күшейту және неғұрлым қатаң шараларды қолдану қажет: әкімшілік хаттамалар жасау және тәртіп бұзушыларға айыппұл салу;

- жоғарыда көрсетілген жерлерде қоқыс жиналатын уақытша сақтау пунктін құру дұрыс болар еді. Содан кейін оны қалалық қоқыс орнына сұрыптау және қайта өңдеу үшін жинайтын болады.

Қалалық мәслихат депутаттарының мұндай рейдтерді өткізуі жалғастырылатын болады, сондай-ақ ТКШ бөлімінің апатты үйінділерден қоқыстарды жоспарлы шығару жұмыстары бақылауға алынды.


Қалалық мәслихатының хатшысы
АҚЖАЛОВ Бейсенбек Тоқтарбекұлы
ВОЙТИ

Кім сайтта

Қазір 18 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

S5 Box