Негiзгi бет

Семей қаласы мәслихатының мониторингтік топтарының жұмысы.

24-04-2020

2020 жылдың 22 сәуірінде А.С. Амренов, А.С. Дускужанов, және Д. А. Дайрова сияқты депутаттардан құрылған уақытша мониторингтік тобы қала дәріханаларында баға мониторингін жүргізді.

Анықталғандай, орташа баға 40-65% - ға және тек импорттық дәрі-дәрмектерге ғана өсті. Барлық дәрі-дәрмектердің бағасы маусымдық сипатта және тиісінше жоғары сұранысқа ие екенін атап өту қажет.

Карантин кезеңінде дәке таңғыштарына сұраныс артты.

Бүгінде оларды әрбір дәріханадан 170 теңгеден жеткілікті мөлшерде сатып алуға болады. Алайда, антисептикалық препараттардың, қымбат емес витаминдердің және ыстық түсіретін препараттардың жетіспеушілігі орын алады.

Мониторинг тобының жұмысы жалғасатын болады.


Қалалық мәслихатының хатшысы
АҚЖАЛОВ Бейсенбек Тоқтарбекұлы
ВОЙТИ

Кім сайтта

Қазір 24 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

S5 Box