Негiзгi бет

Депутаттар медицина қызметкерлерін планшеттер және смартфондарменқамтамасыз етті.

Қалалық мәслихат депутаттары Б.Т. Ақжалов, Б.С.Қайрамбаев, Т.Б.Баймуринов, С.И.Покатилов, "Семей қаласының №2 қалалық ауруханасы" ШЖҚ КМК және "Семей қаласының жұқпалы аурулар ауруханасы" КМҚК медицина қызметкерлері үшін планшеттер мен смартфондар сатып алды.

Жаңа жабдық коронавируспен науқастанған пациенттермен тікелей жұмыс істейтін дәрігерлердің жұмысын жеңілдетеді. Планшеттер медицина қызметкерлеріне науқастардың электрондық карталарында ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Жабдықтың көмегімен тәжірибе алмасу, консилиум өткізу мақсатында әріптестермен жедел байланыс орнатылады.

СОVID-19 таралуына қарсы күрестегі негізгі жүктеме біздің дәрігерлеріміздің иығына түсетін кезеңде қалалық мәслихаттың депутаты Т. Б. Баймуринов №2 қалалық аурухана мен Семей қаласының жұқпалы аурулар ауруханасына 2,5 тонна картоп жеткізіп, азық-түлік көмегін көрсетті.


Қалалық мәслихатының хатшысы
АҚЖАЛОВ Бейсенбек Тоқтарбекұлы
ВОЙТИ

Кім сайтта

Қазір 27 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

S5 Box