Негiзгi бет

2020 жылдың 9 мамырында Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету.

Ұлы Жеңістің 75 жылдығын 2020 жылы ерекше салтанатты атап өту жоспарланған болатын. Алайда коронавирус пандемиясы індеті мерекелік іс-шараларды өткізуге өз түзетулерін енгізді. Биыл алғаш рет Жеңіс күнін бұқаралық атап өтпеу шешілді. Көптеген іс-шаралар акция түрінде өткізілді. Биыл "Мәңгілік полк" онлайн-режимде өтті.

Ардагерлер саны жылдан жылға азайып келеді. Ұлы Отан соғысының ең жас қатысушылары қазір 90 жастан асты. Семейде бүгінгі күні 25 майдангер қалды.

Алайда, ТЖ және карантин уақытында, "Nur Otan" партиясы Ұлы Жеңіс күнін мерекелеу мақсатында біздің ардагер - батырларымызға және тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсету бойынша бірқатар іс-шаралар өткізді. Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне азық-түлік себеті, естелік сыйлықтар мен партия, қала және облыс басшылығынан құттықтау хаттар түрінде қолдау көрсетілді. Қалалық мәслихат депутаттары дәстүрлі түрде белсенді қатысып, Ұлы Отан соғысының қатысушыларын құттықтап, сыйлықтар сыйлады.


Қалалық мәслихатының хатшысы
АҚЖАЛОВ Бейсенбек Тоқтарбекұлы
ВОЙТИ

Кім сайтта

Қазір бір қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

S5 Box