Негiзгi бет

Семей қаласында COVID-19 коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай

20-05-2020

2020 жылдың 14 мамырында "Семей медицина университеті" КеАҚ мәжіліс залында мәслихат хатшысы Б.Т.Ақжалов "Семей қаласындағы COVID-19 коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай" тақырыбында кеңейтілген кеңес өткізді.

Жиынға Семей қаласы әкімінің орынбасары А.С.Садырбаев, "Қарағайлы" шипажайының бас дәрігері Б.С.Чегедеков, "Семей қаласының ядролық медицина және онкология орталығы" ШЖҚ КМК директоры М.Н.Сандыбаев, "Семей қаласының жұқпалы аурулар ауруханасы" КМҚК директорының орынбасары Э.К.Исабаева, балалар жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі И.М.Эфендиев қатысты.

Семей қаласында короновирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайы және оны тұрақтандыру туралы қабылданған шаралар жөнінде ақпаратпен ШҚО бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Марат Әділжанұлы Исмаилов сөз сөйледі.

Короновирустық инфекция кезіндегі емдеу-алдын алу шаралары туралы түсіндіруді ШҚО ДСБ басшысының орынбасары Владимир Викторович Ли ұсынды.

Ағымдағы жағдайды талдау және "Семей медицина университеті" КеАҚ короновирустық инфекциямен күреске қосқан үлесі жөнінде университет ректоры Жүнісов Ерсін Тұрсынханұлы сөз сөйледі.

Талқылау нәтижесінде Семей қаласында эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру және COVID-19 алдын алу бойынша жұмысты одан әрі ұйымдастыру бойынша ұсыныстар жасалды.


Қалалық мәслихатының хатшысы
АҚЖАЛОВ Бейсенбек Тоқтарбекұлы
ВОЙТИ

Кім сайтта

Қазір 18 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

S5 Box