Негiзгi бет

КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ЖӨНІНДЕГІ ШАРАЛАР

Мәслихат хатшысы міндетін атқарушы Ж.Т.Молдағалиеваның өкімімен депутаттар, "Nur Otan" партиясы мен провизорлар өкілдері қатысуымен қала халқын дәрілік заттармен және медициналық препараттармен қамтамасыз ету, сондай-ақ стационарларды дәрілік заттармен қамтамасыз ету бойынша дәріханалардың қызметіне талдау жүргізу мақсатында уақытша мониторингтік топ құрылды.

Аталған мониторингтік топ қаланың дәріхана қоймалары мен дәріханаларына барды. Сапар барысында бірқатар проблемалық мәселелер анықталды, олардың бірі коронавирустық инфекцияны емдеуде қолданылатын дәрілік заттардың тапшылығы болып табылады, олардың тізбесін мониторингтік топ анықтады.

Осыған байланысты, аталған мәселенің халық денсаулығын сақтау үшін әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып, Семей қаласындағы филиалдарына дәрілік заттарды жеткізу көлемін ұлғайту туралы өтінішпен дәріхана қоймаларының бас кеңселеріне хаттар жолданды.

Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасына COVID-19 ауруын емдеумен айналысатын стационарларды қаржыландыруды ұлғайту туралы хат жолданды.

Қалалық мәслихаттың депутаттық корпусы наурыз айынан бері коронавирустық инфекциямен күрес бойынша азаматтар мен медицина қызметкерлеріне барлық уақытта қолдан келгенше көмек көрсетуде. Осы айда олар ауруханаларға азық-түлік, оттегі баллондары және жеке қорғаныс құралдарын әкелді.


Қалалық мәслихатының хатшысы
АҚЖАЛОВ Бейсенбек Тоқтарбекұлы
ВОЙТИ

Кім сайтта

Қазір 11 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

S5 Box