Негiзгi бет

Қалалық мәслихаттың кезектен тыс 55 сессиясы туралы

07-08-2020

Қалалық мәслихаттың сессиялары селекторлық режимде өтіп жатыр. Семей қаласы мәслихатының кезектен тыс 55 сессиясы қалалық мәслихаттың депутаты Т.Баймуриновтың төрағалығымен онлайн режимінде өтті. Сессияға 15 депутат қатысты.

Қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының күн тәртібі үш сұрақты құрады:

1. «Семей қаласы мәслихатының 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 47/310-VI «Семей қаласының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»;

2 «Семей қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен көрсетілетін коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету туралы» Семей қаласы мәслихатының 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 52/378-VI шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы.

3. Семей қаласы мәслихатының 2020 жылғы 17 шілдедегі № 54/393-VI «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 52/379-VI шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімінің күшін жою туралы. Депутаттармен байланысқа қалалық мәслихат сессиясының төрағасы Т. Баймуринов шықты. Ашық дауыс беру арқылы сессияның күн тәртібі, редакциялық комиссияның құрамы, сондай-ақ кезектен тыс сессияның регламенті бекітілді.

Сессияның бірінші сұрағы бойынша экономика және қаржы бөлімінің басшысы Р. Құдайбергенқызы баяндама жасады. Бірінші мәселені зерделеу нәтижесінде Семей қаласы мәслихатының 2019 жылғы 23 желтоқсандағы №47/310-VI "Семей қаласының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы шешім депутаттармен бірауыздан қабылданды.

Сессияның екінші мәселесі бойынша жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы М.Құржықаев баяндама жасады. Талқылау нәтижесінде Семей қаласы мәслихатының 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 52/378-VI "Семей қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық қызметтерді төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету туралы" шешіміне жіберілген техникалық қатені түзету жөнінде өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы шешім қабылданды.

"Семей қаласы мәслихатының 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 52/379-VI "әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы "шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Семей қаласы мәслихатының 2020 жылғы 17 шілдедегі № 54/393-VI шешімінің күшін жою туралы " сессиясының үшінші мәселесі бойынша қалалық мәслихаттың хатшысы Б.Ақжалов баяндама жасады. Ашық дауыс беру арқылы Семей қаласы мәслихатының 2020 жылғы 17 шілдедегі № 54/393-VI шешімінің күшін жою туралы шешім қабылданды, себебі бұл шешім ШҚО Әділет департаментінде келісілмеген және оны әзірлеуші орган кері қайтарып алған.

Сессияның барлық сұрақтары өткізу регламентінің сақталуымен қаралды.


Қалалық мәслихатының хатшысы
АҚЖАЛОВ Бейсенбек Тоқтарбекұлы
ВОЙТИ

Кім сайтта

Қазір 20 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

S5 Box