Негiзгi бет

Семей қаласының 2020-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының Кешенді жоспарын және жұмыспен қамту 2020 Жол картасын іске асыру туралы

19-08-2020-kz

2020 жылғы тамыз айының басында қалалық мәслихаттың өндірістік және әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияларының мүшелері іске асырылатын мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде құрылыс жүргізіліп жатқан бірқатар объектілерге барды. Қалалық мәслихат депутаттары құрылыс жұмыстарының барысына және келесі нысандардың пайдалануға берілуіне бақылау жүргізді:

 

  • балалар мен жастардың шығармашылық Сарайын күрделі жөндеу;

  • ЕҚДБ-мен ынтымақтастық шеңберінде Семей қаласының көше жарықтандыру жүйесін жаңғырту;

  • аула аумақтарын абаттандыру;

  • Жангелдин көшесінен Республикалық маңызы бар "Омбы-Майқапшағай" жолына дейінгі 2,5 км автожолды қайта жаңарту.

 

Тексеру барысында депутаттар Семей қаласының 2020-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының Кешенді жоспарын және Жұмыспен қамту 2020 Жол картасын іске асыру аясында бағдарламаларды іске асыру мерзімдері созылатынын атап өтті. Сондай-ақ, жұмыстар мерзімінде орындалмаған жағдайда мердігерлерді айыппұлдар күтіп тұрғанын атап өтті.


Қалалық мәслихатының хатшысы
АҚЖАЛОВ Бейсенбек Тоқтарбекұлы
ВОЙТИ

Кім сайтта

Қазір 13 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

S5 Box