2020 жылдың 1 қыркүйегінде ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын арнады.
* Азаматтарды мемлекеттік басқаруға қатысуға тартудың маңызды кезеңдерінің бірі жергілікті өзін-өзі басқарудың қаржылық мүмкіндіктерін күшейту болып табылады. Мүліктік құқықтар кеңейтіліп, ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері ұлғайтылады. Бұл " халық атсалысатын бюджет " жобасын дамытудың келесі кезеңі болады. Ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін Үкіметке осы маңызды мәселені шешу үшін нормативтік база мен тиісті ұсыныстарды әзірлеу тапсырылды.
* Жергілікті ресурстардың оңтайлы жұмсалуын қадағалау үшін өкілетті органдар – мәслихаттар жауапты. Мәслихаттарға қол жинау және өңірді дамыту немесе көпжылдық жергілікті проблемаларды шешу жөнінде петиция жасау функциясы беріледі.
* Мәслихаттардың тексеру комиссияларының рөлі күшейтіледі. Ол үшін қолданыстағы заңнамаға түзетулер енгізіледі.
* Мәслихаттардың отырыстары қоғам үшін ашық болады. Халық онлайн таратылымдарда депутаттардың пікір алмасу және талқылау жұмысын көре алады.
* Жергілікті өзін – өзі басқару органдарының жиындар мен жиналыстардың мәртебесі артады. Жергілікті жерлердегі өзекті мәселелерге қатысты олардың пікірін мәслихаттар нақты шешімдер қабылдаған кезде ескеретін болады.
Біз " Халық үніне құлақ асатын мемлекет " құруды қолға алдық. Осы нақты қадамдар арқылы билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнайды.
Қазір 17 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр