Негiзгi бет

2020-2021 жылдарға жылу беру маусымына дайындық барысы туралы

16-09-2020

2020 жылғы 15 қыркүйекте өндірістік, әлеуметтік инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия мүшелері қаланың бірқатар жылумен қамтамасыз ету объектілерінде болды және 2020-2021 жылдарға жылу беру маусымына дайындықты тексерді.

Осы мақсатта қалалық мәслихат депутаттары Чайжунусов, Рысқұлов көшелерінің жылу желілеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарының орындалу барысын тексерді, 1-жылу-энергетикалық орталыққа (ЖЭО-1) және "103-103а"қазандығына барды.

Кездесу кезінде мердігерлер мен ТКШ және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің өкілі Елена Проскурякова депутаттарға жөндеу жұмыстарының барысы мен мерзімдері туралы егжей-тегжейлі түсіндірді.

Қаланың көппәтерлі тұрғын үй қоры 1438 тұрғын үйден тұрады, оның ішінде 1118 үй орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етіледі. Көп пәтерлі тұрғын үй қорын басқару органдары алдағы жылу беру маусымына дайындық процесін бақылауда ұстайды. Бүгінгі таңда тұрғын үйлердің дайындығы 63% - ды құрайды.

Халықтың мұқтаждығы үшін 260 мың тонна көмір жоспарланған. Бүгінгі күні барлығы 186,9 мың тонна көмір (71,8%) әкелінді.

Барлық дайындық жұмыстары кестеге сәйкес аяқталып, жылу беру маусымы ағымдағы жылдың 1 қазанында басталады.


Қалалық мәслихатының хатшысы
АҚЖАЛОВ Бейсенбек Тоқтарбекұлы
ВОЙТИ

Кім сайтта

Қазір 22 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

S5 Box