Негiзгi бет

Мәслихат депутаттары сайлаушылармен кездеседі.

№10 сайлау округінің депутаты Сергей Иванович Покатилов Бобровка кентінің және Мұрат саяжай массивінің тұрғындарымен кездесті.

Қаланың шет аймақтарын дамыту жоспарында 2020 жылы "ШҚО Семей қаласының Бобровка кентіндегі су құбырының құрылысы" жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу көзделген. 2021 жылға Бобровка кенті мен Мұрат саяжай массивінде халықтың белсенді демалыс алаңын орнату жоспарланған.

Кездесу барысында сайлаушылармен бірге балалардың ойын және спорт алаңдарын орналастыру үшін қолайлы орын анықталды. Орынды таңдау халықтың санына, балалар мен жасөспірімдердің санына, оларды барынша қамтуға байланысты болды.

Кездесу қорытындысы бойынша сайлаушылар шет аймақтардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін жазбаша ұсыныстар берді. Қаланың шет аймақтардағы мәселелерді шешу кезінде, сайлаушылар Бобровка кенті мен Мұрат саяжай массивінде қала халқының басым бөлігі жыл бойы тұрақты тұратынын ескеруді сұрайды. Бұл жай ғана бау-бақша серіктестігі емес.

Кездесуде тұрғындар көтерген барлық мәселелерді Сергей Покатилов бақылауға алды.


Қалалық мәслихатының хатшысы
АҚЖАЛОВ Бейсенбек Тоқтарбекұлы
ВОЙТИ

Кім сайтта

Қазір 28 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

S5 Box