Негiзгi бет

Қалалық мәслихаттың кезектен тыс 59 сессиясы туралы

03-12-2020

Қалалық мәслихаттың кезектен тыс 59 сессиясы конференц-байланыс режимінде өтті. Сессияға 21 депутат қатысты.

Депутаттардың қарауына 2 мәселе шығарылды:

  1. Семей қаласы мәслихатының 2019 жылғы 23 желтоқсандағы №47/310-VI «Семей қаласының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы».

  2. «Семей қаласы Қоғамдық кеңесінің құрамын және Қоғамдық кеңес туралы Ережені бекіту туралы» Семей қаласы мәслихатының 2019 жылғы 28 наурыздағы № 36/249-VI шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Сессияны қалалық мәслихат сессиясының төрағасы А.Амренов бастады. Ашық дауыс беру арқылы сессияның күн тәртібі, редакциялық комиссияның құрамы, сондай-ақ кезектен тыс сессияның регламенті бекітілді.

Бірінші мәселе бойынша экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары Е.В. Кузнецова баяндама жасады. Талқылау барысында депутаттар Семей қаласының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы Семей қаласы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдады.

Екінші мәселе бойынша қалалық мәслихат хатшысы Б. Ақжалов баяндама жасады. Депутаттар жұмыс тобы құрған 15 адамнан тұратын Қоғамдық кеңестің жаңа құрамын бекітті.

Сессияның барлық мәселелері өткізу регламентін сақтай отырып қаралды.


Қалалық мәслихатының хатшысы
АҚЖАЛОВ Бейсенбек Тоқтарбекұлы
ВОЙТИ

Кім сайтта

Қазір 25 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

S5 Box