ПРОЕКТЫ РЕШЕНИЙ МАСЛИХАТА

Семей қаласы мәслихатының 2014 жылғы 31наурыздағы № 28/150-V «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс мен толықтырулар енгіз

Жоба

Семей қаласы мәслихатының 2014 жылғы 31наурыздағы № 28/150-V «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс мен толықтырулар енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Семей қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Семей қаласы мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 28/150-V «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж

азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылғы 25 сәуірде №3267 болып тіркелген, 2014 жылғы 7 мамырдағы «Семей таңы», «Вести Семей» газеттерінің №35-36 сандарында жарияланған) шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

5 – тармақ мынадай редакцияда жазылсын.

«Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек өмірлік қиын жағдай туындаған кезде ақшалай төлем түрінде бір рет көрсетіледі. Әлеуметтік көмек қаржы жылына бір рет тағайындалады.

Балабақшаларға баратын көп балалы отбасыларының балалары мен мүмкіндігі шектеулі балалар үшін әлеуметтік көмек ай сайын көрсетіледі.

7-тармақтың 3- тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) арнаулы білім беру ұйымдарында, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында жүрген кәмелетке толмағандар;»

10-тармақтың 5- тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

31- мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні:

Мүгедек немесе зейнеткер санатындағы саяси қуғын-сүргін құрбандары, саяси қуғын-сүргін салдарынан зардап шеккен тұлғаларға»

7-тармақ 14-тармақшамен толықтырылсын):

«14) бала бақшаларға баратын мүмкіндігі шектеулі балалар, көп балалы отбасылардың балалары»

12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша ЖАО (жергілікті атқарушы органмен) бекітілетін тізім бойынша көрсетіледі»

        ШҚО Семей қаласының «Білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің тізімі бойынша балабақшаларға баратын көп балалы отбасылардың және мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардың балалары үшін»

2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы                                                                         Р. Хазипов 

 

Қалалық  мәслихаттың

         хатшысы                                                                            Б.  Акжалов 


Қалалық мәслихатының хатшысы
АҚЖАЛОВ Бейсенбек Тоқтарбекұлы
ВОЙТИ

S5 Box