ПРОЕКТЫ РЕШЕНИЙ МАСЛИХАТА

«Семей қаласының 2019-2021 жылдарға арналған бюджеті туралы» Семей қаласы мәслихатының 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № 32/212-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жоба

Семей қалалық мәслихаты

Шешім

Семей қаласы № ____ 2019 жылғы ____ _______

«Семей қаласының 2019-2021 жылдарға арналған бюджеті туралы»

Семей қаласы мәслихатының 2018 жылғы 21 желтоқсандағы

32/212-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106, 109-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Семей қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. «Семей қаласының 2019-2021 жылдарға арналған бюджеті туралы» Семей қаласы мәслихатының 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № 32/212-VI шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-2-199 болып тіркелген, 2019 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«2019-2021 жылдарға арналған қалалық бюджет 1, 2, 3 - қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2019 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 58 301 560,8 мың теңге:

салықтық түсімдер – 18 294 655,7 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 90 046,9 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 1 529 181,4 мың теңге;

трансферттердің түсімдері – 38 387 676,8 мың теңге;

2) шығындар – 60 090 547,5 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредит беру – 1 011 724,0 мың теңге:

бюджеттік кредиттер – 1 018 938,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 7 214,0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – -290 500,0 мың теңге:

қаржы активтерін сатып алу – 0,0 мың теңге;

мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 290 500,0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -2 510 210,7 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 2 510 210,7 мың теңге:

қарыздар түсімі – 3 350 496,0 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 1 357 214,0 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 516 928,7 мың теңге.»;

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген шешімнің 6-қосымшасы осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Б. Ақжалов

Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы

 

А. Арғынбекова

     

Қалалық мәслихаттың хатшысы

 

Б. Ақжалов


Қалалық мәслихатының хатшысы
АҚЖАЛОВ Бейсенбек Тоқтарбекұлы
ВОЙТИ

S5 Box