ПРОЕКТЫ РЕШЕНИЙ МАСЛИХАТА

Семей қаласы мәслихатының 2017 жылғы 21 қыркүйектегі № 18/115–VI «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

жоба

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Занның 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 11-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңың 16-бабының 4) тармақшасына сәйкес Семей қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Семей қаласы мәслихатының 2017 жылғы 21 қыркүйектегі № 18/115–VI «Мүгедек қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекетттік тіркеу Тізілімінде № 5226 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электорондық түрде 2017 жылғы 11 қазанда жарияланды) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

2-тармақтың 2.1. тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

«2.1. Кемтар балаларды оқытуға шығындарды өтеу «Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жүргізіледі;».

2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

Қалалық мәслихат

сессиясының төрағасы Ж. Молдағалиева

Қалалық мәслихаттың

хатшысы Б. Ақжалова

 

Қалалық мәслихатының хатшысы
АҚЖАЛОВ Бейсенбек Тоқтарбекұлы
ВОЙТИ

S5 Box