ПРОЕКТЫ РЕШЕНИЙ МАСЛИХАТА

«Семей қаласының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы» Семей қаласы мәслихатының 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 47/310-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жоба

Семей қалалық мәслихаты

Шешім

Семей қаласы №____ 2020 жылғы ___ _________

«Семей қаласының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы»

Семей қаласы мәслихатының 2019 жылғы 23 желтоқсандағы

47/310-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106, 109-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына, «2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 35/389-VІ шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 22 сәуірдегі № 38/424-VI (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 6993 болып тіркелген) шешіміне сәйкес, Семей қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. «Семей қаласының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы» Семей қаласы мәслихатының 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 47/310-VI шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6469 болып тіркелген, 2020 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«2020-2022 жылдарға арналған қалалық бюджет 1, 2, 3 - қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2020 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 49 944 267,6 мың теңге:

салықтық түсімдер – 19 089 837,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 91 101,5 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 1 455 977,0 мың теңге;

трансферттердің түсімдері – 29 306 958,4 мың теңге;

2) шығындар – 62 900 956,4 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредит беру – 23 339,5 мың теңге:

бюджеттік кредиттер – 31 832,5 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 8 493,0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – -33 112,0 мың теңге:

қаржы активтерін сатып алу – 215 311,0 мың теңге;

мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 248 423,0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -12 946 916,3 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 12 946 916,3 мың теңге:

қарыздар түсімі – 13 893 653,2 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 2 335 218,0 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 1 388 481,1 мың теңге.»;

5-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 139-бабының 9-тармағына сәйкес азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн бiлiм беру және мәдениет саласындағы мамандарға, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша бюджет қаражаты есебiнен қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер ескерілсін.

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн бiлiм беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн жергiлiктi өкiлдi органмен келiсу бойынша жергiлiктi атқарушы орган айқындайды.»;

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Б. Ақжалов

Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы

 

Ж. Молдағалиева

     

Қалалық мәслихаттың хатшысы

 

Б. Ақжалов

 

 

Қалалық мәслихатының хатшысы
АҚЖАЛОВ Бейсенбек Тоқтарбекұлы
ВОЙТИ

S5 Box