ПРОЕКТЫ РЕШЕНИЙ МАСЛИХАТА

«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Семей қаласы мәслихатының 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 52/379-VI шешіміне өзгеріс енгізу туралы

ЖОБА

«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін

айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Семей қаласы

мәслихатының 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 52/379-VI

шешіміне өзгеріс енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-3-тармақтарына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Семей қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Семей қаласы мәслихатының 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 52/379-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7125 болып тіркелген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2020 жылғы 2 сәуірде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

12-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

Өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға (отбасыларға) әлеуметтік көмек жылына бір рет көрсетіледі. «Адамның иммунитет тапшылығы вирусы» (АИТВ) диагнозы бар 18 жасқа дейінгі балаларға, Семей қаласының ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы берген тізімдеріне сәйкес, әлеуметтік көмек ай сайын отбасы кірісін есепке алмай 23,519 айлық есептік көрсеткіш көлемінде көрсетіледі.

Өмірлік қиын жағдайда жүрген, оның ішінде табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен адамдар (отбасылар) өтінішті оқиға болған күннен бастап үш ай ішінде береді.

2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қалалық мәслихат сессиясының

төрағасы Т. Баймуринов

Қалалық мәслихаттың

хатшысының м.а. Ж. Молдагалиева


Қалалық мәслихатының хатшысы
АҚЖАЛОВ Бейсенбек Тоқтарбекұлы
ВОЙТИ

S5 Box