ПРОЕКТЫ РЕШЕНИЙ МАСЛИХАТА

Семей қаласы мәслихатының 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 48/329-VI «Приречный ауылдық округінің 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

ЖОБА

Семей қаласы мәслихатының 2019 жылғы 30 желтоқсандағы

48/329-VI «Приречный ауылдық округінің 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106, 109-1 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына, Семей қаласы мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы № 53/383-VI «Семей қаласы мәслихатының 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 47/310-VI «Семей қаласының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 7269 болып тіркелген) шешіміне сәйкес, Семей қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Семей қаласы мәслихатының 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 48/329-VI «Приречный ауылдық округінің 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6693 болып тіркелген, 2020 жылғы 5 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«Приречный ауылдық округінің 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті 1, 2, 3 - қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2020 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 71 009,4 мың теңге:

салықтық түсімдер – 5 468,7 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 511,3 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 13 761,0 мың теңге;

трансферттердің түсімдері – 51 268,4 мың теңге;

2) шығындар – 72 557,6 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредит беру – 0,0 мың теңге:

бюджеттік кредиттер – 0,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0,0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0,0 мың теңге:

қаржы активтерін сатып алу – 0,0 мың теңге;

мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0,0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -1 548,2 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 1 548,2 мың теңге:

қарыздар түсімі – 0,0 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 0,0 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 1 548,2 мың теңге.»;

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қалалық мәслихат сессиясының

төрағасы Т. Баймуринов

Қалалық мәслихаттың

хатшысы м. а. Ж. Молдағалиева

 

 

Қалалық мәслихатының хатшысы
АҚЖАЛОВ Бейсенбек Тоқтарбекұлы
ВОЙТИ

S5 Box