Негiзгi бет

Қалалық мәслихат депутаттары ұйымдастырған Жаңа жыл

MyCollages 1Қалалық мәслихат депутаттары аз қамтылған отбасылардың балалары үшін жаңа жылдық мереке өткізуді ұйымдастырды.

Дәстүр бойынша Жаңа жыл қарсаңында Семей қаласы мәслихаты депутаттарының қолдауымен көп балалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына қажетті көмек көрсетіледі. Бүгін балалар мен жастардың шығармашылық Сарайында Аяз Ата және Ақшақармен жаңа жылдық қойылым өтті. Депутаттар көрсеткен демеушілік көмекке: билеттің құны, мерекелік бағдарлама, Аяз атаның балаларына арналған жаңа жылдық сыйлықтар кірді.

Депутаттар аз қамтылған отбасылардан шыққан сексеннен астам балаға жаңа жылдық көңіл-күй сыйлады. Бұл жарқын және есте қаларлық мереке болды. Өйткені, баланың күлкісі мен қуанышы ең құнды. Бірде-бір бала назарсыз және сыйлықсыз қалмады.


Қалалық мәслихатының хатшысы
АҚЖАЛОВ Бейсенбек Тоқтарбекұлы
ВОЙТИ

 

Мәслихат сессиялары отырыстарының
онлайн көрсетілімі

Аitube.KZ        YouTube.KZ

 

Кім сайтта

Қазір 13 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

S5 Box