Негiзгi бет

Семей қаласы мәслихатының кезекті (жиырмасыншы) сессиясы туралы.

24122021 жылғы 24 желтоқсанда Семей қаласы мәслихатының кезекті жиырмасыншы сессиясы өтті.

Кезекті сессия жұмысына 19 депутат тіркелді.

Жиырма төрт сұрақтан тұратын күн тәртібі бекітілді:

1.  Семей қаласының 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы.

2. «Семей қаласының аумағын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Семей қаласы мәслихатының 2021 жылғы1 ақпандағы № 3/16-VII шешімінің күшін жою туралы.

3.   Абыралы ауылдық округінің 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы.

4.   Айнабұлақ ауылдық округінің 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы.

5.   Ақбұлақ ауылдық округінің 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы.

6.   Алғабас ауылдық округінің 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы.

7.   Достық ауылдық округінің 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы.

8.   Жиенәлі ауылдық округінің 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы.

9.   Ертіс ауылдық округінің 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы.

10.   Қараөлең ауылдық округінің 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы.

11.   Көкентау ауылдық округінің 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы.

12.   Новобаженово ауылдық округінің 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы.

13.   Озерки ауылдық округінің 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы.

14.   Приречный ауылдық округінің 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы.

15.   Шаған кентінің 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы.

16.   Шульбинск кентінің 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы.

17.   БҰҰ Бас ассамблеясының Семей өңірін сауықтыру туралы 2020 жылғы 22 желтоқсандағы қарарының орындалуы жөніндегі ақпарат туралы.

18.   Семей қаласы мәслихатының 2021 жылғы  8 қаңтардағы № 63/458-VI «Әлеуметтік  көмек  көрсетудің, оның  мөлшерлерін  белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

19.   «Қалалық жер комиссиясының құрамын бекіту туралы» Семей қаласы мәслихатының 2021 жылғы 30 шілдедегі № 12/75-VIII шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

20.   Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы.

21.   Қалалық мәслихаттың атқарған жұмысы және оның тұрақты комиссияларының қызметі туралы есебі туралы.

22.   Семей қаласы мәслихатының 2022 жылға арналған жұмыс жоспары туралы.

23.   Сайлау науқанында айтылған сайлаушылардың сыни ескертулері мен ұсыныстарын іске асыру туралы.

24.   «Семей қаласының Құрметті азаматы» атағын беру туралы.

Сессияға дайындық барысында тұрақты комиссиялардың отырыстарында, сондай-ақ мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында күн тәртібіндегі мәселелер егжей-тегжейлі қаралды.

Талқылау барысында қалалық мәслихат депутаттары уәкілетті органдардың басшыларына өз сұрақтарын қоюға және оларға толық жауап алуға мүмкіндік алды.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша шешімдер жобаларын бекіту туралы дауыс беруге 19 депутат қатысты.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша шешім жобалары бірауыздан немесе көпшілік дауыспен бекітілді.


Қалалық мәслихатының хатшысы
АҚЖАЛОВ Бейсенбек Тоқтарбекұлы
ВОЙТИ

 

Мәслихат сессиялары отырыстарының
онлайн көрсетілімі

Аitube.KZ        YouTube.KZ

 

Кім сайтта

Қазір 15 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

S5 Box