Негiзгi бет

Қалалық мәслихат депутаттары қала бойынша рейдтер жүргізуде

Бүгінде бүкіл ел лаңкестер мен радикалды элементтердің шабуылына байланысты ауыр сынақтардан өтуде.

Жаппай тәртіпсіздіктерге байланысты республикада төтенше жағдай режимі енгізілді, ол 2022 жылғы 19 қаңтардың сағат 00.00-ге дейін созылады. Сондай-ақ коменданттық сағат орнатылды - түнгі сағат 23.00-ден таңғы 7.00-ге дейін.

Төтенше жағдай кезеңінде қалалық мәслихат депутаттары коменданттық сағат кезеңінде қала бойынша рейдтер ұйымдастырды. Рейдтер барысында депутаттар халық арасында, сондай-ақ еңбек ұжымдары арасында арандатушылыққа берілмеуге және үйде қалуға шақыра отырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Мұқтаж тұрғындарға азық-түлік және бірінші қажеттіліктегі тауарлар жеткізілді. Сонымен қатар рейдтер барысында бейтаныс және күдікті адамдар тобын анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Қазіргі уақытта қалада тәртіп қамтамасыз етілген. Қоғамдық-саяси жағдай тұрақты. Қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін барлық қызметтер штаттық режимде жұмыс істейді.

Алайда, төтенше жағдай кезеңінде аймаққа кіруге және одан шығуға шектеулер енгізіледі. Бұдан басқа, ШҚО ішінде азаматтар мен көлік құралдарының еркін жүріп-тұруына шектеулер қойылды.

Коменданттық сағаттан тыс жүріп-тұратын азаматтардың өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаттары болуы, жеке басын тексеруге, сіздің алып жүрген заттарыңыз бен автомобильдеріңізді қарап тексеруге дайын болуы қажет.

Қалалық мәслихат депутаттары қала тұрғындарына осы шараларға түсіністікпен қарауды сұрайды, өйткені олар біздің ортақ қауіпсіздігімізді қамтамасыз етуге бағытталған.


Қалалық мәслихатының хатшысы
АҚЖАЛОВ Бейсенбек Тоқтарбекұлы
ВОЙТИ

 

Мәслихат сессиялары отырыстарының
онлайн көрсетілімі

Аitube.KZ        YouTube.KZ

 

Кім сайтта

Қазір 10 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

S5 Box