Негiзгi бет

Семей қаласы мәслихатының кезектен тыс (жиырма екінші) сессиясы туралы.

040222

2022 жылдың 04 ақпанында Семей қаласы мәслихатының кезектен тыс жиырма екінші сессиясы өтті.

Кезектен тыс сессия жұмысында 23 депутат тіркелген.

Екі сұрақтан тұратын күн тәртібі бекітілді:

1. Семей қаласы жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту туралы.

2. Қалалық мәслихат депутаттары туралы.

Сессияға дайындық барысында мәслихаттың бюджет және экономиканы дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында қала жерлерін аймақтарға бөлу туралы мәселе егжей-тегжейлі қаралды.

Талқылау барысында қалалық мәслихат депутаттары жер қатынастары бөлімінің басшысы К.М. Сейілхановтан өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алу мүмкіндігіне ие болды. Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша шешімнің жобасын бекіту туралы дауыс беруге 23 депутат қатысты. Шешім жобасы көпшілік дауыспен бекітілді.

Күн тәртібінің екінші мәселесін қарау кезінде депутаттар Семей қалалық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 24 қаңтардағы №2 және 2022 жылғы 31 қаңтардағы № 7 ұсыныстарымен танысты. Дауыс беру барысында келесі депутаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылданды:

Смағұлов Қайрат Қанатұлы;

Қайрамбаев Бауыржан Сейтжапарұлы;

Хазипов Рафаил Сайтмагруфович;

Қажмұханбет Дулат Тасболатұлы;

Қисаменов Айдос Ақтанбердіұлы.

Шешім жобасы көпшілік дауыспен бекітілді.


Қалалық мәслихатының хатшысы
АҚЖАЛОВ Бейсенбек Тоқтарбекұлы
ВОЙТИ

 

Мәслихат сессиялары отырыстарының
онлайн көрсетілімі

Аitube.KZ        YouTube.KZ

 

Кім сайтта

Қазір 12 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

S5 Box