БЮДЖЕТТІК БАҒДАРМАЛАЛАР

«Семей қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2021 - 2023 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 01-05/26 өкіміне өзгерістер енгізу туралы

Семей қаласы мәслихаты хатшысының

2021 жылғы 06 қыркүйектегі № 01-05/25

Ө К І М І

«Семей қаласы мәслихатының аппараты»

мемлекеттік мекемесінің 2021 - 2023 жылдарға

арналған бюджеттік бағдарламаларын бекіту туралы»

2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 01-05/26 өкіміне

өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 19-бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 32-бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 195 «Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрығына, Семей қаласы мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 61/437 - VI «Семей қаласының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Семей қаласы мәслихат сессиясының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 13/81-VII шешіміне сәйкес:

1. «Семей қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2021-2023 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламасын 2 - қосымшаға сәйкес қайта бекітілсін.

2. Бюджеттік бағдарламалардың электронды және өзге бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы қамтамасыз етілсін.

3. Осы өкімнен туындайтын өзге де шараларды, әкімшілік-шаруашылық жұмысы бөлімінің басшысы-бухгалтер (Мусина Л.Б.) қабылдасын.

4. Өкімнің атқарылуын бақылауды өзіме қалдырамын.

Семей қаласы

мәслихатының хатшысы Б. Ақжалов

«КЕЛІСІЛДІ»

«ШҚО Семей қаласының экономика

және қаржы бөлімі» ММ-нің басшысы

________________ Р.Құдайбергенқызы

2-қосымша

 

 

2021 жылғы «06» қыркүйектегі №01-05/25

Семей қаласы мәслихаты хатшысының

өкімімен бекітілген

112 «Семей қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің

2021-2023 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламасы

Бюджеттiк бағдарламаның коды және атауы: 112 001 Ауданның (облыстық маңыздағы қаланың) мәслихаты қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер.

Бюджеттік бағдарлама басшысы: Семей қаласы мәслихатының хатшысы - Бейсенбек Тоқтарбекұлы Ақжалов.

Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексі, 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі), 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының Заңдары 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V ҚРЗ «Мемлекеттік қызмет туралы», 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V ҚРЗ «Мемлекеттік сатып алулар туралы», Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысы, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 «Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы», 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы».

Бюджеттік бағдарламаның түрі:

мемлекеттік басқару деңгейіне байланысты: аудандық (қалалық).

мазмұнына байланысты: мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді іске асыру және мемлекеттік қызмет көрсету.

іске асыру түріне қарай: жеке бюджеттік бағдарлама.

Ағымдағы/даму: ағымдағы бюджеттік бағдарлама.

Бюджеттік бағдарлама мақсаты: Қала мәслихатының, оның органдарының және депутаттардың қызметін ұйымдастыру, құқықтық қамтамасыз ету жөнінде аппаратқа жүктелген функцияларды тиімді орындау.

Бюджеттік бағдарламаның түпкілікті нәтижелері: Қалалық мәслихаттың сессияларын, тұрақты комиссиялардың және басқа да жұмыс органдарының отырыстарын өткізу арқылы қалалық мәслихаттың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету, қалалық мәслихат аппаратының тиісті штатын ұстау, мәслихаттың шешімдерді сапалы түрде қабылдауы және мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін жоғарылату.

Бюджеттік бағдарлама сипаттамасы (негіздемесі): мәслихат аппаратының қызметін қамтамасыз етуде қарастырылған шығындар: "Б"корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметкерлерінің еңбек ақы төлемдерін, сонымен қатар аппараттың басқа да қызметкерлеріне еңбек ақы және ерекше еңбек жағдайлары үшін үстемақыларын төлеуді қамтамасыз ету, тауарларды, қызметтерді, жұмыстарды сатып алу, басқа да ағымдағы шығындар, қалалық мәслихаттың қалыпты түрде қызмет көрсетуі мақсатында біліктілікті арттыру курстарында мемлекеттік жоғарлату курсында мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру. Штаттық сандық лимит шегінде өкілді органға жүктелген функцияларды орындау мақсатында мәслихат аппаратын ұстау.

Бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар, барлығы

Бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар

өлшембірлігі

Есепті жыл

Ағымдағы жыл жоспары

Жоспарлы кезең

2020

2021

2021 жыл

2022 жыл

2023 жыл

Ауданның (облыстық маңыздағы қаланың) мәслихаты қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер

мың теңге

28940,3

34995,3

28358,0

28378,0

28925,0

Жалпы бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар

мың теңге

28940,3

34995,3

28358,0

28378,0

28925,0

Бюджеттік кіші бағдарламаның коды мен атауы: 112001015 жергілікті бюджет қаражаты есебінен

Бюджеттік кіші бағдарламаның түрі:

мазмұнына байланысты аудандық (қалалық).

ағымдағы/даму ағымдағы бюджеттік бағдарлама

Бюджеттік кіші бағдарламаның сипаттамасы (негіздемесі) мәслихат аппаратының қызметін қамтамасыз етуде қарастырылған шығындар: "Б"корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметкерлерінің еңбек ақы төлемдерін, сонымен қатар аппараттың басқа да қызметкерлеріне еңбек ақы және ерекше еңбек жағдайлары үшін үстемақыларын төлеуді қамтамасыз ету, тауарларды, қызметтерді, жұмыстарды сатып алу, басқа да ағымдағы шығындар, қалалық мәслихаттың қалыпты түрде қызмет көрсетуі мақсатында біліктілікті арттыру курстарында мемлекеттік жоғарлату курсында мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру. Штаттық сандық лимит шегінде өкілді органға жүктелген функцияларды орындау мақсатында мәслихат аппаратын ұстау.

Тікелей нәтиже көрсеткіштері

Өлшем бірлігі

Есепті жыл

Ағымдағы жыл жоспары

Жоспарлы кезең

2021

жыл

2022

жыл

2023

жыл

2020

2021

Ережеге сәйкес мәслихат аппаратына жүктелген функцияларды және мақсаттарды іске асыру

мың теңге

28940,3

34995,3

28358,0

28378,0

28925,0

Бюджеттік кіші бағдарлама бойынша шығыстар, барлығы

Бюджеттік кіші бағдарлама бойынша шығыстар

өлшембірлігі

Есепті жыл

Ағымдағы жыл жоспары

Жоспарлы кезең

2020

2021

2021 жыл

2022 жыл

2023 жыл

015- жергілікті бюджет қаражат есебінен

мың теңге

28940,3

34995,3

28358,0

28378,0

28925,0

Жалпы бюджеттік кіші бағдарлама бойынша шығыстар

мың теңге

28940,3

34995,3

28358,0

28378,0

28925,0

Семей қаласы

мәслихатының хатшысы Б. Ақжалов

 

 


Қалалық мәслихатының хатшысы
АҚЖАЛОВ Бейсенбек Тоқтарбекұлы
ВОЙТИ

 

Мәслихат сессиялары отырыстарының
онлайн көрсетілімі

Аitube.KZ        YouTube.KZ

 

S5 Box