Негiзгi бет

Қалалық мәслихат депутаттарының қатысуымен онлайн режимде мектеп ата-аналар жиналысы

MyCollages2022 жылғы қаңтарда қаланың жалпы орта білім беретін мектептерінде "КВИ таралуының көтерілу қаупі және балаларды вакцинациялау туралы" тақырыбында онлайн режимде ата-аналар жиналысы өтті.

Ата-аналар жиналысының мақсаты: 12 жастан асқан балаларды короновирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау қажеттілігі туралы ата-аналарды хабардар ету.

Онлайн жиналысқа қатысу үшін қалалық мәслихат депутаттары, емхана дәрігерлері, мектеп полиция инспекторлары шақырылды.

Жиналыс барысында қалалық мәслихат депутаттары осы тақырыптың өзектілігі туралы айтып, COVID-19 аурушаңдығының статистикасымен, ересек тұрғындарды вакцинациялау қажеттілігімен таныстырды, сондай-ақ қазіргі уақытта 12-16 жас аралығындағы балаларды вакцинациялау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлады. COVID-19 вакцинациясын алған оқушылар мен олардың ата-аналары ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін вакцинацияның қажеттілігін атап өтті.

Ата-аналар барлық сұрақтарына медицина қызметкерлерінен білікті жауап алуға мүмкіндік алды.

 


Қалалық мәслихатының хатшысы
АҚЖАЛОВ Бейсенбек Тоқтарбекұлы
ВОЙТИ

 

Мәслихат сессиялары отырыстарының
онлайн көрсетілімі

Аitube.KZ        YouTube.KZ

 

Кім сайтта

Қазір 5 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

S5 Box