Шығыс қазақстан облысы әкімінің 2022 жылғы 31 қаңтардағы №1/31 хаттамалық тапсырмасына сәйкес әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының өсуін тежеу үшін шаралар қабылданатын болады. Осы мақсатта сауда желілерінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізу үшін жұмыс топтары құрылды. Топ құрамына қалалық мәслихат депутаттары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, мемлекеттік органдардың, қала әкімдігі бөлімдерінің қызметкерлері кірді.
"Сауда қызметін реттеу туралы" Заңның 9-бабына сәйкес дүкендер тауарлардың бағаларын өз бетінше белгілейді, ал әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына өткізу бағасы өндірушінің немесе көтерме өнім берушінің сатып алу бағасының 15% - ынан аспауға тиіс.
Халықтың назарына "Ішкі сауда қағидаларының" 15-тармағына сәйкес сатып алушы сатушыдан өндірушінің немесе көтерме сауда берушінің бағасы көрсетілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына арналған тауар-ілеспе құжаттарды сұратуға және 15% - ды өз бетінше есептеуге құқылы екенін түсіндіреміз. Баға 15% - дан асқан жағдайда, тауар-ілеспе құжаттарды, сөредегі тауар бағасын, дүкен атауын (ЖК/ЖШС) суретке түсіріп, осы ақпаратпен қала әкімдігіне хабарласу қажет.
Мониторингтік іс-шаралар барысында қаланың әртүрлі дүкендеріндегі бір топтың және тіпті бір сауда маркасының тауарларының бағасы бір-бірінен ерекшеленетіні анықталды.
Мониторингтік топтар қала дүкендеріндегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын бақылайтын болады. Тәртіп бұзушыларға тиісті санкциялар қолданылатын болады.
Қазір 14 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр