Негiзгi бет

Депутаттардың ауылдық округтер мен кенттердің тұрғындарымен кездесулері.

MyCollages

Ағымдағы жылдың 15 ақпанынан бастап Семей қалалық мәслихаты депутаттарының халықпен кездесу үшін ауылдық округтерге шығуы басталды.

Жақында Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов қалалық және облыстық мәслихат депутаттарымен кездесу өткізді.

 

Кездесуде Семей қаласы мен ауылдық округтердің 2021 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары жасалып, 2022 жылға арналған міндеттер талқыланды. Депутаттар алдында халықты қала мен ауылды дамытудың алдағы жоспарлары туралы хабардар ету міндеті қойылды.

Ағымдағы жылдың 15 ақпанында облыстық мәслихат депутаты Тұмабаев Мұхит, қалалық мәслихат депутаттары Исмаилова Камилия, Рахатқызы Гүлжанат Приречный ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, Приречный кенті, Жарқын, Мұздыбай және Гранитное ауылдарын аралады.

16 ақпанында қалалық мәслихат хатшысы Бейсенбек Ақжалов, қалалық мәслихат депутаттары Съезбек Ахметов, Нуржан Бахаев, сондай-ақ облыстық мәслихат депутаты Азат Сарпеков Қайнар, Догалан, Абралы, Ақбұлақ, Айнабұлақ ауылдарының тұрғындарымен кездесулер өткізді.

Сол күні Семей қалалық мәслихатының депутаттары Марат Макишев, Наталья Перцева және ШҚО мәслихатының депутаты Альбина Ахметова Шүлбі кентінің тұрғындарымен кездесу өткізді.

Бекітілген кестеге сәйкес, ШҚО депутаты Жұмабек Ибраев, қалалық мәслихат депутаттары Дариға Даирова, Карпенко Игорь Озерский ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.

Ертіс ауылдық округінің елді мекендерін және халықпен кездесулерді облыстық мәслихаттың депутаты Шолпан Чегедекова мен қалалық мәслихаттың депутаты Әлменева Найля өткізді.

Бекітілген кестеге сәйкес, ШҚО депутаты Байғалиев Серік, қалалық мәслихат депутаттары Ахмеджанов Әміржан, Қасқабаев Мұхаметқали және Калинкин Анатолий Жиеналы ауылдық округінің және Шаған кентінің тұрғындарымен кездесу өткізді.

Ауылдық округтердің тұрғындарын Семей қаласы мен ауылдық округтердің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасымен таныстырды. Өз кезегінде депутаттар ауыл үшін өзекті мәселелерді жазып алды. Олардың ішінде тезірек шешуді талап ететін неғұрлым маңыздылары ауылдық округтерді дамыту жөніндегі бекітілген іс-шаралар жоспарына енгізілетін болады, бюджетті нақтылау кезінде қаралады және қала мен облыс басшылығына жеткізілетін болады.

 


Қалалық мәслихатының хатшысы
АҚЖАЛОВ Бейсенбек Тоқтарбекұлы
ВОЙТИ

 

Мәслихат сессиялары отырыстарының
онлайн көрсетілімі

Аitube.KZ        YouTube.KZ

 

Кім сайтта

Қазір 18 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

S5 Box