Негiзгi бет

Семей қаласы мәслихатының кезектен тыс (отыз бірінші) сессиясы туралы

2ae3a649-3524-4180-9ba3-a85e81e576c32022 жылдың 9 қыпкүйегінде Семей қаласы мәслихатының кезектен тыс отыз бірінші сессиясы өтті.

Кезектен тыс сессия жұмысына 16 депутат тіркеліп, қатысты.

Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:

  1. «Семей қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасы мен мөлшерін бекіту туралы» .
  2. «2022 жылға арналған кондоминимум обьектісін басқару және кондоминимум обьектісінің ортақ мүлкін күтіп ұстауға арналған шығындардың, ең төмен мөлшерін бекіту туралы».

3. «Абай облысы Семей қаласы мәслихатының регламентін бекіту туралы».

4. «Семей қаласы мәслихат аппаратының құрылымы туралы».

5. «Абай облысы Семей қаласының мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта атау және Ережесін бекіту туралы».

Талқылау нәтижесінде депутаттар барлық мәселелер бойынша шешімдерді бекітті. Күн тәртібінің 1 және 2-мәселелері бойынша мәслихаттың нормативтік құқықтық шешімдері Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберілетін болады.


Қалалық мәслихатының хатшысы
АҚЖАЛОВ Бейсенбек Тоқтарбекұлы
ВОЙТИ

 

Мәслихат сессиялары отырыстарының
онлайн көрсетілімі

Аitube.KZ        YouTube.KZ

 

Кім сайтта

Қазір 4 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

S5 Box