Негiзгi бет

2022 жылғы 22 қыркүйекте Семей қаласы мәслихатының кезекті отыз екінші сессиясы өтті

WhatsApp Image 2022-09-22 at 16.26.49Кезекті сессияның жұмысына 19 депутат тіркеліп, қатысты. Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:

1. "2021-2022 жылдардағы жылу беру кезеңінің қорытындылары және 2022-2023 жылдардағы қысқы жағдайлардағы жұмысқа дайындық барысы туралы".

2. "Шаған және Шүлбі кенттерінің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы".

3. "Семей қаласын ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ету және Семей қаласының шаруа (фермер) қожалықтарының қызметін үйлестіру жөніндегі ауыл шаруашылығы бөлімінің жұмысы туралы".

4. "Сайлау комиссияларының жекелеген мүшелерін міндеттерінен босату туралы".

Кезекті сессияның мәселелерін алдын ала қарау барысында өндірістік және әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиялар Шаған және Шүлбі кенттерінде көшпелі отырыстар өткізді, Озерский және Жиеналы ауылдық округтерінде болып, Семей қаласының жылумен жабдықтау объектілерін аралады.

Сондай-ақ, мәселелер ағымдағы жылдың 21 қыркүйегінде тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында қаралды.

Кезекті сессияның күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер шығарылды.


Қалалық мәслихатының хатшысы
АҚЖАЛОВ Бейсенбек Тоқтарбекұлы
ВОЙТИ

 

Мәслихат сессиялары отырыстарының
онлайн көрсетілімі

Аitube.KZ        YouTube.KZ

 

Кім сайтта

Қазір 15 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

S5 Box