Мәслихат хатшысы

Мәслихат хатшысы

secretmasl

Бейсенбек Тоқтарбекұлы Ақжалов – Семей қаласы мәслихатының хатшысы, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Халықаралық ақпараттық академиясының академигі, ғылыми мақалалар мен басылымдардың авторы.

1983 жылы Житомир мемлекеттік педагогикалық институтын орыс тілі және әдебиеті мұғалімі, педагогика мамандығы бойынша аяқтаған.

Өз еңбек жолын Семей қаласының МКТУ-43 және МКТУ-4 орыс тілі және әдебиеті оқытушысы ретінде бастады.

1985 жылдан 2013 жылға дейін Б.Т. Ақжалов Семей медициналық университетінде тағылымдамадан өтушіден кафедра меңгерушісіне дейін үздіксіз қызмет етті.

Әр жылдары ол комсомол комитетінің хатшысы, стажер-зерттеуші, латын және орыс тілі кафедрасының оқытушысы және филологиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарды.

1991 жылы Абай атындағы ҚазПИ-де педагогика ғылымдарының кандидаты диссертациясын қорғады. Көптеген ғылыми мақалалар мен жарияланымдардың авторы.

1998 - 2013 жж. - «Семей» колледжі мекемесін басқарды.

2012 жылғы қаңтарда Семей қаласы мәслихатының депутаты болып сайланды.

2013 жылдың шілде айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Семей қаласы мәслихатының хатшысы болып табылады.

Ол көп жылдар бойы және кәсіби қызметі үшін «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен, медальдармен, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Құрмет грамотасымен, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н.Назарбаевтың алғыс хатымен, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Құрмет грамотасымен және мемлекеттік органдардың алғыс хаттарымен марапатталды.

Отбасылы, екі бала, екі немере тәрбиелеп отыр.


Қалалық мәслихатының хатшысы
АҚЖАЛОВ Бейсенбек Тоқтарбекұлы
ВОЙТИ

S5 Box