Негiзгi бет

Мәслихат депутаттары қаланың шет аймақтағы тұрғындармен кездесуде.

Қалалық мәслихат сессиясында бекітілген қаланың шет аймақтарын дамыту жөніндегі 2020 – 2021 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын түсіндіру мақсатында депутаттар өз округтерінің сайлаушыларымен кездесуде.

№20 сайлау округінің депутаты Сергей Владимирович Родионов және № 24 округ депутаты Дайрова Дариға Абайқызы Восточный кентінің тұрғындарымен кездесу өткізді.

Қаланың шет аймақтарын дамытуға арналған іс-шаралар жоспарын халыққа жеткізе отырып, депутаттар 2021 жылы 1200 орындық мектеп пайдалануға берілетінін атап өтті. Қазіргі уақытта "Восточный кентіндегі 1200 орындық мектеп пен 320 орындық балабақшаға су құбыры желілерін қайта құру" ЖСҚ әзірленуде. Балабақшаның құрылысы жылу және су құбыры желілерін қайта жаңарту мен жүргізуден кейін басталады. Сондай-ақ, негізгі магистралдық жолдарды жөндеу және Восточный кенті көшелерінің топырақ-жол жабынын жоспарлау жұмыстары көзделген. Алдағы кезеңге көпестік көпірдің көлік жүретін бөлігін кеңейту жоспарланған. Қатты тұрмыстық қалдықтар айналымына қатысты экологиялық заңнама нормаларын түсіндіру үшін учаскелік инспекторлар халықпен алдын алу жұмысты күшейтеді.

Өз кезегінде сайлаушылар осы ауданның даму жоспарын толықтыру үшін бірқатар ұсыныстар енгізді. Сайлаушылар Восточный кенті ұзақ уақыттан бері бау-бақша серіктестігі ғана емес, бұл қала халқының көп бөлігі жыл бойы тұрақты тұратын халық тығыз орналасқан аумақ екенін ескеруді сұрайды. Сайлаушылар "№12 ЖОМ"КММ аумағында балалар алаңын орнатуды сұрайды. Сайлаушылар № 47 ЖОББМ аялдамасына дейін аумағында балалар алаңын орнатуды сұрады.. Орнату орны мен жобалық-сметалық құжаттамасы дайын.

Тұрғындар Көшкімбаев көшесіндегі Восточный саяжайларынан бастап №47 ЖОББМ аялдамасына дейін қосымша автобус маршрутын енгізу қажеттігін атап өтті, себебі №29 автобус маршруты жеткіліксіз. Негізгі жолды жеңілдету үшін, 5, 7 желілеріне, Көшкімбаев, Целинная көшелеріне жарық пен жаяу жүргіншілер өткелдерін орнатып, жол салу қажет.

Сондай-ақ ересектер мен балалардың демалуы үшін Восточный кентінің 2 және 6 желілері арасында және Декоративная көшесі бойында саябақ аймағын салу қажет.

Сайлаушылармен осы форматтағы жұмыс жалғастырылатын болады.


Қалалық мәслихатының хатшысы
АҚЖАЛОВ Бейсенбек Тоқтарбекұлы
ВОЙТИ

 

Мәслихат сессиялары отырыстарының
онлайн көрсетілімі

Аitube.KZ        YouTube.KZ

 

Кім сайтта

Қазір 2 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

S5 Box