Негiзгi бет

Калалык маслихат

25 қазан күні Семей қаласы мәслихатының «Нұр Отан» партиясының депутаттық фракция басшысы Бейсенғазы Тастекеевтің төрағалығымен депутаттық фракцияның кезекті отырысы өтті. Отырыстың күн тәртібінде ««Нұр Отан» партиясының жаңа саяси доктринасы туралы. Болашақты жасау»» сұрағы қаралды.

 

Б.Тастекеев өз баяндамасында, доктрина жобасы партияның қалалық филиалына, депутаттық фракцияларына, кәсіпорындар мен ұйымдардың партиялық бастауыштарына ертеректе жеткізілгенділігі туралы хабарлады. Жобаны қарастыру бойынша үлкен жұмыстар атқарылып, партияның облыстық филиалына ұсыныстары мен ұсынымдары жіберілген болатын. Доктринаның бекітілуі ең алдымен партияның дамуына жаңашыл түрткі беріп, партияның болашақта атқарар жаңа артықшылықтары мен міндеттерін анықтай түсті.

Депутаттық фракция мүшелерімен партияның маңызды құжатын талқыға салғаннан кейін, партиялықтарға және өз сайлау округтерінің тұрғындарына, кәсіпорындар мен ұйымдардың партиялық бастауыштарына доктринаны түсіндіру бойынша ауқымды шаралар жүргізу туралы шешім қабылданды.

 


Қалалық мәслихатының хатшысы
АҚЖАЛОВ Бейсенбек Тоқтарбекұлы
ВОЙТИ

 

Мәслихат сессиялары отырыстарының
онлайн көрсетілімі

Аitube.KZ        YouTube.KZ

 

Кім сайтта

Қазір 15 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

S5 Box