РЕГЛАМЕНТІ

Семей қаласы мәслихатының регламенті

Семей қаласы мәслихатының
2021 жылғы 26 қарашадағы № 18/116-VII
шешімімен бекітілген

                                            

Семей қаласы мәслихатының регламенті

1.     Жалпы ережелер

 

1. Семей қаласы мәслихатының осы регламенті (бұдан әрі – регламент) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабына сәйкес әзірленді және мәслихат сессияларын, оның органдарының отырыстарын өткізу, оларға мәселелер енгiзу және қарау, мәслихат органдарын құру және сайлау, олардың қызметi туралы есептердi, халық алдында мәслихаттың атқарған жұмысы және оның тұрақты комиссияларының қызметі туралы есептерді тыңдау, депутаттардың сауалдарын қарау тәртiбiн, мәслихаттағы депутаттық бiрлестiктердiң өкiлеттiктерiн, қызметiн ұйымдастыруды, сондай-ақ дауыс беру, аппарат жұмысының тәртiбiн және басқа да рәсiмдiк және ұйымдастырушылық мәселелерін белгілейді.

          2.Семей қаласының  мәслихаты (бұдан әрі - мәслихат) – Семей қаласының халқы сайлайтын сайланбалы орган және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган. Мәслихат заңды тұлға құқығын иеленбейді.

          3.Мәслихаттың қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.

4.Мәслихаттың және оның органдарының құқықтық, кеңестік, материалдық-техникалық және басқа да тұрғыдан қамтамасыз етуді қалалық мәслихаттың аппараты жүзеге асырады.

Мәслихат аппаратының жұмысы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңының, еңбек Заңнамасының, «Семей қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекеме туралы ереженің, осы Регламенттің негізінде құрылады.

5.Қалалық мәслихаттың іс қағаздарын жүргізу мәслихат аппаратына жүктеледі. Мәслихат сессиялары, оның органдарының мәжілістері және олардың іс қағаздарын жүргізу «Қазақстан Республикасындағы   тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес мемлекеттік және орыс тілдерінде жүзеге асырылады.

Кіріс хат-хабар мемлекеттік және орыс тілдерінде қабылданады.

Фирмалық бланкіге мемлекеттік тілдегі мәтіні ғана (шешімдерден басқа) басылады, орыс тілдегі мәтіні қоса ұсынылады.

2.                 Мәслихат сессияларын өткізу тәртібі

   2.1. Мәслихат сессиялары

 

6.Мәслихат қызметінің негізгі нысаны сессия болып табылады, онда Қазақстан Республикасының заңдары бойынша оның құзыретіне жатқызылған мәселелер шешіледі.

          Мәслихаттың сессиясына мәслихат депутаттарының жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, ол заңды. Сессия жалпы отырыс нысанында өткізіледі.

          Мәслихаттың шешімімен сессия жұмысында күнтізбелік он бес күннен аспайтын үзіліс жариялануы мүмкін.

          Мәслихаттың әрбір отырысының алдында қатысып отырған депутаттарды тіркеу жүргізіледі, оның нәтижесін мәслихат хатшысы отырыс басталардан бұрын жария етеді.

          Мәслихаттың сессиясы, әдетте, ашық сипатта болады. Егер бұған қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, жабық сессияларды өткізуге мәслихат хатшысының немесе мәслихат сессиясына қатысып отырған депутаттар санының үштен бір бөлігінің ұсынысы бойынша жол беріледі.

          7.Жаңадан сайланған мәслихаттың бірінші сессиясын депутаттардың осы мәслихат үшін белгіленген санының кемінде төрттен үш бөлігі болған кезде, мәслихат депутаттары тіркелген күннен бастап отыз күндік мерзімнен кешіктірмей Семей қаласының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы шақырады.

          8.Мәслихаттың бірінші сессиясын Семей қаласының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы ашады және оны мәслихат хатшысы сайланғанға дейін жүргізеді.

          Семей қаласының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы депутаттарға мәслихат хатшысының кандидатурасын енгізуді ұсынады, ол бойынша ашық дауыс беру жүргізіледі. Депутаттардың жалпы санының көпшілік даусын жинаған кандидат сайланған болып есептеледі.

          9.Мәслихаттың кезекті сессиясы жылына төрт реттен жиі шақырылмайды және оны мәслихат хатшысының төрағасы жүргізеді.

          10.Мәслихаттың кезектен тыс сессиясын осы мәслихатқа сайланған депутаттар санының кемінде 1/3,сондай-ақ әкімнің ұсынысы бойынша мәслихат сессиясының төрағасы шақырады және жүргізеді.

         Кезектен тыс сессияны шақыру туралы шешім ұсыныстар түскен уақыттан бастап 3 жұмыс күннен кешіктірмей қабылданады.

          Кезектен тыс сессия оны өткізу туралы шешім қабылданған күннен бастап 5 күндік мерзімнен кешіктірілмей шақырылады. Кезектен тыс сессияда оны шақыруға негіз болған мәселелер ғана қаралады.

          11.Мәслихаттың хатшысы мәслихат сессиясын шақыру уақыты мен оның өткізілетін орны, сондай-ақ сессияның қарауына енгізілетін мәселелер туралы депутаттарға, халыққа және әкімге сессияға кемінде 10 күн қалғанда, ал кезектен тыс сессия шақырылған жағдайда, кемінде 3 күн бұрын хабарлайды.

Мәслихат хатшысы мәслихат сессиясының қарауына енгізілетін  мәселелер бойынша қажетті материалдарды депутаттарға және әкімге сессияға кемінде 5 күн қалғанда, ал кезектен тыс сессия шақырылған жағдайда, кемінде 3 күн бұрын табыс етеді.

Кезектен тыс сессияның қарауына енгізілетін мәселені (мәселелелерді) дайындау келесі тәртіппен жүзеге асырылады:

         мәселені қарауға бастамашылық еткендер мәслихат хатшысының атына кезектен тыс сессияны шақыру және оның күн тәртібі туралы жазбаша ұсыныс енгізеді;

         қажет болған жағдайда кезектен тыс сессияда қарау үшін енгізілетін мәселе (мәселелер) бейінді тұрақты комиссияның, немесе олардың бірлескен отырысында қаралады.

          12.Депутат регламентінде айқындалған тәртіппен, депутаттық өкілеттіктерді жүзеге асыруға байланысты мәслихат сессияларын, тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының отырыстарын өткізу кезеңінде, депутаттық өкілеттіктерді жүзеге асыру уақытында және мәслихат депутаттарының біліктілігін арттыру кезеңінде оған негізгі жұмыс орны бойынша жергілікті бюджет қаражаты есебінен орташа жалақысы, бірақ осы қызметте бір жылға дейінгі жұмыс өтілі бар тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімі аппараты басшысының жалақысынан аспайтын мөлшерде және жол жүру уақыты ескеріліп, мәслихат сессиялары, тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының отырыстары өтетін, біліктілікті арттырудан өтетін мерзімдегі іссапар шығыстары өтеле отырып, қызметтік міндеттерін орындаудан босатылады.»;

          13.Сессияның күн тәртібін мәслихат жұмысы жоспарының, мәслихат хатшысы, мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдары, депутаттар топтары мен депутаттар, тиісті аумақтық әкімі ұсынған мәселелердің негізінде маслихат хатшысы қалыптастырады.

          Сессияның күн тәртібіне ұсыныстарды сессияның төрағасына жергілікті қоғамдастықтың жиналыстары, қоғамдық ұйымдар ұсынуы мүмкін.

          Сессияның күн тәртібі кезекті  сессияны өткізгенге дейін 1 жұмыс күні бұрын толықтырылуы және өзгертілуі мүмкін. Сессияның күн тәртібін бекіту туралы мәслихат шешім қабылдайды.

          Күн тәртібі бойынша дауыс беру әрбір мәселе бойынша жеке немесе тізім бойынша өткізіледі. Егер мәселеге сессияға қатысып отырған мәслихат депутаттарының көпшілігі дауыс берсе, ол күн тәртібіне енгізілді деп есептеледі.

          14.Сессияға енгізілетін мәселелерді сапалы дайындау үшін мәслихат хатшысы сессияны дайындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеуді уақтылы ұйымдастырады, оны мәслихат хатшысы бекітеді.

          15.Тұрақты комиссиялар өз құзыры шеңберінде сессияға дайындық кезінде ұсынылған материалдар мен шешім жобаларын қарайды.Тұрақты комиссия сессияға енгізілетін мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтыруларды есепке ала отырып, қаулы қабылдайды.

Кезекті сессияның қарауына енгізілетін мәселелер, қажет болған жағдайда, тұрақты комиссиялардың біріккен мәжілістерінде қаралуы мүмкін.

16.Мәслихаттың қарауына жататын мәселелер бойынша Семей қаласының әкімі, кент және ауылдық округтердің әкімі, сессияда олардың жұмысы туралы ақпарат қаралатын ұйымдардың басшылары мен өзге де лауазымды адамдар шақырылады. Сессияларға қалалық мәслихат хатшысының шақыруымен бұқаралық ақпарат құралдары, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдар өкілдерінің қатысуына жол беріледі.

         17.Мәслихаттың отырысына шақырылған адамдар үшін мәжіліс залында арнайы орындар бөлінеді. Шақырылған адамдардың мәслихат сессиясының жұмысына араласуына, мәслихат сессиясының шешімдерін қолдайтынын немесе қолдамайтынын білдіруіне жол берілмейді.

          Шақырылған адам тәртіпті өрескел бұзған жағдайда, сессия төрағасының шешімі немесе сессияға қатысып отырған депутаттардың көпшілігінің талабы бойынша мәжіліс залынан шығарылуы мүмкін.

18.Сессияға шақырылғандардың мәжіліс залынан мәслихат хатшысының рұқсатынсыз шығып кетуге құқықтары жоқ.

          19. Мәслихаттың отырыстары мәслихат айқындаған уақытта өткізіледі.

          Сессия төрағасы өз бастамасы бойынша немесе депутаттардың дәлелді ұсыныстары бойынша үзілістер жариялай алады. Жалпы отырыстың соңында депутаттарға қысқа мәлімдемелер немесе хабарламалар жасау үшін уақыт беріледі, олар бойынша жарыссөз ашылмайды.

          20.Мәслихат отырыстарында баяндамалар, қосымша баяндамалар, жарыссөзде сөйлеу үшін және отырыстарды өткізу тәртібі бойынша, кандидатураларды талқылау, дауыс беру, анықтамалар мен сұрақтар үшін сөз сөйлеу регламентін мәслихат айқындайды. Баяндамашылар мен қосымша баяндамашыларға сұрақтарға жауап беру үшін уақыт бөлінеді. Егер сөз сөйлеуші бөлінген уақыттан асып кетсе, сессия төрағасы оның сөзін тоқтатады немесе отырысқа қатысып отырған депутаттардың көпшілігінің келісімімен сөз сөйлеу уақытын ұзартады.

          Мәслихат депутаты бір мәселе бойынша екі реттен артық сөйлей алмайды. Жарыссөздердегі депутаттық сауалдар, түсіндірме және сұрақтарға жауап беру үшін сөйлеу, сөз сөйлеу деп есептелмейді. Сөйлеу құқығын басқа депутатқа беруге жол берілмейді.

21.Мәслихат шешімімен мәслихатқа сайланған депуттардың жалпы санының көпшілік дауысымен шақырылған тұлғаларға сөз берілуі мүмкін.

          Жарыссөз сессияға қатысып отырған депутаттардың көпшілігінің ашық дауыс беруімен тоқтатылады. Жарыссөзді тоқтату туралы мәселе қойылған кезде, мәслихат хатшысы сөз сөйлеуге жазылған және сөйлеген депутаттардың саны туралы хабарлайды, кімнің сөз алуды талап ететіндігін анықтайды.

          22.Отырысты өткізу тәртібі бойынша сөз депутатқа сөз сөйлеп тұрған адамның сөзі аяқталған соң кезектен тыс беріледі. Мәслихат хатшысы анықтама, депутаттық сауал, сұраққа жауап және талқыланып отырған мәселе бойынша түсіндірме беру үшін кезектен тыс сөз бере алады.

          Баяндамашыларға сұрақтар жазбаша немесе ауызша түрде беріледі. Жазбаша сұрақтар мәслихат хатшысына беріледі және мәслихат отырысында жария етіледі.

23.Қала әкімінің орынбасарлары, мәслихат, әкім аппаратының және дербес атқарушы органдардың қызметкерлері мәслихат хатшысының рұқсатымен  талқыланып отырған мәселе бойынша түсініктемелер, кеңестер, анықтамалар  беруге құқылы.

2.2.          Мәслихат актілерін қабылдау тәртібі

  1.  

          24.Егер заңда өзгеше белгіленбесе, мәслихат өз құзыретінің мәселелері бойынша мәслихат депутаттарының жалпы санының көпшілік дауысымен шешімдер қабылдайды.

          25.Шешімдердің жобалары мәслихат хатшысына беріледі.

          Мәслихат хатшысы қарауға қабылданған шешімдердің жобаларын барлық қажетті құжаттармен бірге тұрақты комиссияларға қарау және ұсыныстар дайындау үшін жолдайды. Бір мезгілде тұрақты комиссиялардың біріне мәслихат актісінің жобасы бойынша қорытынды, сессияға қосымша баяндама дайындау, қосымша ақпарат жинау және талдау жүргізу жүктелуі мүмкін.

          Шешімдердің жобаларымен жұмыс істеу және басқа да мәселелерді дайындау үшін тұрақты комиссиялар қажет болған жағдайда жұмыс топтарын құра алады. Жұмыс тобының құрамына басқа тұрақты комиссиялардың депутаттары тартылуы мүмкін. Жұмыс тобының жұмысына кез келген депутат қатыса алады.

          Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, тиісті атқарушы органның ұсынымы бойынша мәслихат онымен бірлескен шешім қабылдайды.

          26.Мәслихаттың нормативтік құқықтық шешімдері әділет органдарында мемлекеттік тіркелуге және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жариялануға тиіс.

          27.Шешімдердің баламалы жобаларын мәслихат және оның органдары негізгі жобамен бірге қарайды. Сессияға мәселе дайындауға қатысушы тұрақты комиссиялар арасында келіспеушіліктер болған жағдайда, комиссиялардың төрағалары және мәслихат хатшысы оларды жою бойынша шаралар қабылдайды, қалған келіспеушіліктер мәслихаттың назарына жеткізіледі.

          28.Сессияда мәселені қараған кезде баяндама, қажет болған жағдайда, тұрақты комиссиялардың, жұмыс топтары мен уақытша комиссиялардың қосымша баяндамалары тыңдалады.

          Комиссияның баяндамасында жобаға енгізілген және қайтарылған ұсыныстар көрсетіледі, түзетулерді қабылдаудың немесе қайтарудың себептері дәлелденеді.

          Қосымша баяндаманың ережелерімен немесе шешімнің жобасы бойынша қорытындылармен келіспейтін тұрақты комиссиялар, комиссиялардың және жұмыс топтарының жекелеген мүшелері өз пікірлерін қаралатын мәселе бойынша жалпы жарыссөз басталғанға дейін баяндай алады.

          29.Шешімнің жобасын талқылау тармақтар бойынша жүргізіледі. Жобаларға түзетулер ұсынылып отырған өзгерістер немесе толықтырулар нақты тұжырымдалып, олардың шешім жобасының мәтініндегі орны көрсетіліп, жазбаша түрде беріледі. Осы талаптарды қанағаттандырмайтын түзетулер қарауға қабылданбайды.

          30.Мәслихат сессиясы күн тәртібінің әрбір мәселесі бойынша шешім қабылдайды. Бір мәселе бойынша шешімдердің бірнеше нұсқасы енгізілген жағдайда, олардың әрқайсысы сессияға қатысып отырған депутаттарға беріледі.

Депуттардың арасынан округтерінің кезегі бойынша 3 адамнан тұратын редакциялық комиссия сайланады, олар мынаны ұйымдастырады:

сессия басталғанға дейін немесе сессия кезінде шешім жобасы бойынша ауызша, не жазбаша түскен барлық ұсыныстарды, толықтыруларды, өзгерістерді, түзетулерді тіркейді;

шешім жобасы бойынша түскен ұсыныстарды, толықтыруларды,  түзетулерді (олардың түсу тәртібі бойынша) талдап, қорытындылап, редакцияланған нұсқасын дауысқа салу үшін депуттарға ұсынады;

сессия қабылдаған шешім мәтінін дайындайды және оған жауапты.

          Мәслихаттың уақытша комиссиясы болып табылатын редакциялық комиссия шешімдердің ұсынылған нұсқаларын қабылдау немесе кері қайтару туралы өзінің пікірін жеткізеді және дәлелдейді.

          Шешімдердің енгізілген жобаларының бәрі дауысқа салынады. Жобалардың бірі негізге алынғаннан кейін депутаттар оған түзетулер қабылдау рәсіміне кіріседі.

          31.Мәслихат шешімінің жобасына түзетулер болған жағдайда, дауыс беру мынадай ретпен жүзеге асырылады:

          1) мәслихат шешімінің ұсынылған (пысықталған) жобасы негізге алынады, ол кері қайтарылған жағдайда, түзетулер бойынша одан әрі дауыс беру тоқтатылады;

          2) негізге алынған жобаға кірмеген барлық түзетулер кезек бойынша дауысқа салынады;

          3) сессия шешімі қабылданған түзетулерді ескере отырып, тұтастай дауысқа салынады. Шешімдердің қабылданбаған жобалары және оларға түзетулер бойынша ағымдағы сессияда қайта дауыс беруге жол берілмейді.

          32.Түзетулер жеке-жеке дауысқа салынады, оларға дауыс берудің ретін төрағалық етуші айқындайды. Өзара қарама-қайшы келетін түзетулер бойынша дауыс беру алдында соңғысын төрағалық етуші оқиды. Түзету авторларының олардың мәні бойынша түсінік беріп немесе оларды талқылаудан алып тастау туралы ұсыныспен сөз сөйлеуіне жол беріледі.

          Мәслихат шешімдеріне өзгерістер оларды қабылдау үшін белгіленген тәртіппен енгізіледі.

          Сессиялардың хаттамалары сессиядан кейін бір айдан кешіктірілмей басылып, заңнамада белгіленген тәртіппен сақталады.

          33.Жоспарлардың, аумақтарды әлеуметтік-экономикалық дамыту бағдарламаларының, олардың орындалуы туралы есептердің, аумақты басқару схемаларының жобалары және мәслихат сессиясының қарауына енгізілетін басқа да мәселелер, сондай-ақ олар бойынша шешімдердің тиістілігіне қарай келісу бұрыштамалары қойылған, барлық қажетті материалдары қоса берілген мемлекеттік және орыс тілдеріндегі жобалары мәслихатқа кезекті сессияға дейін үш апта бұрын мәслихаттың тұрақты комиссияларының қарауына енгізіледі.

          34.Тиісті аумақ бюджетінің жобасы мәслихаттың тұрақты комиссияларында қаралады. Мәслихат хатшысы қажет болған жағдайда бюджеттің жобасын қарау жөніндегі депутаттық уақытша жұмыс тобын құрады, оның құрамына жергілікті атқарушы органдардың өкілдері кіруі мүмкін.

          Тұрақты комиссиялар уақытша жұмыс тобының пікірін ескере отырып, тиісті негіздемелермен және есептермен тиісті аумақ бюджетінің жобасы бойынша ұсыныстар әзірлейді және оларды ұсыныстарды жинау мен тиісті аумақ бюджетінің жобасы бойынша қорытынды әзірлеуді жүзеге асыратын бейімді тұрақты комиссияға жібереді.

          Бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган сессия басталғанға дейін кемінде екі апта бұрын мәслихаттың хатшысына барлық қажетті құжаттармен бірге бюджет туралы шешім жобасының түпкілікті нұсқасын ұсынады.

          Семей қаласының бюджетін бекіту туралы облыстық мәслихаттың шешіміне қол қойылғаннан кейін екі апта мерзімнен кешіктірмей тиісті мәслихат бекітеді.

          35.Мәслихаттың кезекті сессиясына тиісті жылға арналған жергілікті бюджетті нақтылауға қатысты жоспардан тыс мәселелер енгізілген жағдайда, құжаттарды  ұсыну бюджеттік заңнамада көзделген мерзімдерде жүзеге асырылады.

          36.Тиісті аумақтың бюджеті нақтыланған кезде, мәслихаттың кезектен тыс сессиясында оны шақыру туралы шешім қабылданған күннен бастап екі күн ішінде тұрақты (уақытша) комиссияларда бюджет жобасын қарау бойынша жұмыстар жүргізіледі.

         37.Мәслихат депутаттарының бастамашылығы бойынша ағымдағы қаржы жылы ішінде тоқсанына бір-ақ рет жергілікті бюджетті нақтылауға жол беріледі.

3. Қала әкімін тағайындауға мәслихаттың келісім беру тәртібі

 

38.Мәслихат облыс әкімінің немесе ол уәкілеттік берген лауазымды тұлғаның әкім лауазымына тағайындауға келісім беру туралы ұсынысын алғаннан кейін мәслихат хатшысы қолданыстағы заңнамаға және осы Регламентке сәйкес сессияны шақыру туралы шешім қабылдайды.

39.Мәслихаттың қала әкімін лауазымына тағайындауға келісім беру тәртібі Заңның 23-1-бабымен реттеледі.

4. Есептерді тыңдау тәртібі

          40.Мәслихат тиісті аумақ әкімінің есептерін тыңдау жолымен жергілікті бюджеттің, атқарылуын, аумақтарды дамытудың экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларының орындалуын бақылауды жүзеге асырады.

          41.Мәслихат «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы                № 19 Жарлығына сәйкес сессияда тиісті аумақ әкімінің есебін тыңдайды.

          Әкімнің (оның міндетін атқарушы адамның) өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы туралы есебі және ол бойынша шешімнің жобасы тиісті сессиядан үш апта бұрын мәслихаттың тұрақты комиссияларының қарауына енгізіледі.

            Әкімнің (оның міндетін атқарушы адамның) өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы туралы есебі және ол бойынша шешімнің жобасы тиісті сессиядан үш апта бұрын мәслихаттың тұрақты комиссияларының қарауына енгізіледі.

Мыналар:

1) аумақты дамыту жоспарларының, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларының орындалуы, жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы әкім ұсынған есептерді мәслихаттың екі рет бекітпеуі;

2) жергілікті қоғамдастық жиналысының аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін лауазымынан босату туралы мәселеге бастама жасауы мәслихаттың әкімге сенімсіздік білдіру туралы мәселені қарауы үшін негіз болып табылады.

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін лауазымынан босату туралы мәселеге бастама жасау Заңның 39-3-бабына сәйкес жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасымен расталады.

          42.Мәслихат мәслихат хатшысының, тұрақты комиссиялар төрағаларының және мәслихаттың өзге органдарының есебін тыңдайды.

          Мәслихат хатшысы жылына кемінде бір рет мәслихаттың кезекті сессияларында мәслихаттың қызметін ұйымдастыру бойынша атқарылған жұмыс, депутаттардың сауалдары мен депутаттық өтініштердің қаралу барысы, сайлаушылардың өтініштері және олар бойынша қабылданған шаралар, мәслихаттың жергілікті өзін-өзі басқарудың өзге де органдарымен өзара іс-қимыл жасауы, мәслихат аппаратының қызметі туралы есеп береді.

          Мәслихаттың тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының төрағалары жылына кемінде бір рет мәслихаттың кезекті сессияларында жүктелген функциялар мен өкілеттіктердің орындалуы туралы есеп береді.

          43.Шығыс Қазақстан  облысы тексеру комиссиясының бюджеттің атқарылуы туралы есебін мәслихат жыл сайын қарайды.

          44.Мәслихат жылына кемінде бір рет халық алдында мәслихаттың атқарған жұмысы, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының қызметі туралы есеп береді.

          Кент және ауылдық округ тұрғындарын мәслихаттың есебімен жергілікті қоғамдастықтың жиындарында, қажет болған жағдайда мәслихат  хатшысының, тұрақты комиссиялар  төрағаларының қатысуымен депутаттар таныстырады.

                            5. Депутаттардың сауалдарын қарау тәртібі

 

 45.Мәслихат депутаты ресми жазбаша сауалмен әкімге, тиісті аумақтық сайлау комиссиясының төрағасына және мүшесіне, прокурорға және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың лауазымды адамдарына мәслихат құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша жүгінуге құқылы.

Депутаттық сауалдың жауабы жазбаша түрде, бір айдан кешіктірілмейтін мерзімде берілуге тиіс. Депутат сауалға берілген жауап бойынша өз пікірін білдіруге құқылы.

Депутаттық сауалға берілетін жауапқа осы баптың бірінші бөлігінде аталған адамдар немесе атына сауал жіберілген мемлекеттік органның бірінші басшысы не оның орынбасары қол қоюға тиіс.

Прокурордың атына берілген сауалдар қылмыстық қудалауды жүзеге асырумен байланысты болмауға тиіс.

          46.Сессия басталғанға дейін енгізілетін сауалдар мәслихат хатшысына беріледі және оларды сессияның күн тәртібіне енгізу туралы мәселе шешілген жағдайда оның отырысында қаралады. Сауал бағытталған органға немесе лауазымды адамға мәслихаттың хатшысы оның көшірмесін жолдайды. Сессияны өткізу барысында енгізілетін сауалдар төрағалық етушіге отырыста беріледі.

          47.Сессияда қаралуға тиіс басқа мәселелерге байланысы жоқ сауал күн тәртібіне жеке мәселе ретінде енгізіледі не сессия жұмысының соңында бұл үшін арнайы бөлінген уақытта қаралады. Мәслихат сессияның күн тәртібін сауалдармен және сұрақтармен жұмыс істеуге уақыт резерві көзделетіндей етіп айқындайды. Сессияда шешілуге тиіс басқа мәселелермен байланысты сауалдар күн тәртібіне енгізілмейді және төрағалық етуші оларды сессияда тиісті мәселе бойынша жарыссөздер басталғанға дейін жария етеді.

          48.Мәслихат сауалды қарауды басқа сессияға ауыстыра алады. Сауалдарды енгізген депутаттар сессияның күн тәртібі бекітілгенге дейін оларды кері қайтарып ала алады. Күн тәртібі бекітілгеннен кейін сауалды қараудан алып тастау мәслихаттың шешімі бойынша жүзеге асырылады. Жазбаша түрде берілген сауалдар сессияның хаттамасына тіркеледі.

          49.Депутаттық сауалға жауап бір айдан кешіктірілмейтін мерзімде жазбаша нысанда берілуі тиіс.

          Депутат сауалға берілген жауап бойынша өз пікірін білдіруге құқылы. Прокурорға жолданған сауалдар қылмыстық қудалауды жүзеге асырумен байланысты болмауы тиіс.

6. Мәслихаттың лауазымды адамдары, тұрақты комиссиялары және өзге де органдары, мәслихаттың депутаттық бірлестіктері

 

6.1. Мәслихат хатшысы

     

          50.Бірінші сессияда мәслихат депутаттар арасынан мәслихаттың хатшысын сайлайды, ол тұрақты негізде жұмыс істейтін және мәслихатқа есеп беретін лауазымды адам болып табылады. Мәслихат хатшысы мәслихат өкілеттігінің мерзіміне сайланады.

          Мәслихат хатшысы өкілеттіктерін Заңға және осы регламентке сәйкес жүзеге асырады.

          51.Мәслихат хатшысының лауазымына кандидатураларды мәслихаттың депутаттары мәслихаттың сессиясында ұсынады. Ұсынылатын кандидатуралардың санына шек қойылмайды. Кандидаттар өздерінің алдағы қызметінің үлгілік бағдарламаларымен таныстырады. Егер ашық немесе жасырын дауыс беру нәтижесінде мәслихат депутаттарының жалпы санының көпшілік дауысын алса, кандидат мәслихаттың хатшысы лауазымына сайланды деп есептеледі.

          Егер мәслихат хатшысының лауазымына екіден көп кандидат ұсынылып, олардың бір де бірі сайлану үшін талап етілетін дауыс санын ала алмаса, неғұрлым көп дауыс алған екі кандидатура бойынша қайтадан дауыс беру жүргізіледі.

          Егер қайтадан дауыс беру кезінде осы кандидаттардың бір де бірі депутаттардың жалпы санының жартысынан астам дауысын ала алмаса, қайтадан сайлау өткізіледі.

          52.Мәслихат хатшысының мәслихаттың тұрақты комиссияларының құрамына кіруге құқығы жоқ. Мәслихат хатшысының өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, жаңа хатшыны сайлау Заңда және осы регламентте белгіленген тәртіппен өткізіледі.

         53.Мәслихат хатшысы болмаған уақытта оның өкілеттігін уақытша тұрақты комиссиялар төрағаларының немесе мәслихат депуттарының бірі кемінде жылына бір рет жүзеге асырады.

6.2. Мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы

54.Мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасын мәслихат сессиясында депутаттар арасынан ашық дауыс беру арқылы депутаттардың жалпы санының көпшілік дауысымен мәслихат сайлайды және лауазымынан босатады.

Егер мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысында дауыс беру кезінде депутаттардың дауысы тең бөлінген жағдайда, мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.

Мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы лауазымына кандидатураларды мәслихат депутаттары мәслихат сессиясында ұсынады.

55. Мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы:

1) тұрақты комиссияның отырысын және оның қарауына енгізілетін мәселелерді дайындауды ұйымдастырады, хаттаманың жасалуын қамтамасыз етеді және тұрақты комиссия отырысында қабылданған қаулыларға, өзге де құжаттарға қол қояды;

2) мәслихат депутаттарына өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына жәрдемдеседі, оларды тұрақты комиссия қызметінің мәселелері жөніндегі қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді;

3) тұрақты комиссия депутаттарының сауалдары мен тұрақты комиссияның атына келіп түскен депутаттық жолданымдардың қаралуын бақылайды;

4) мәслихаттың тұрақты комиссиясының қаулыларын мәслихаттың интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етеді, олардың орындалуын бақылау жөніндегі шараларды айқындайды;

5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының заңнамасында, мәслихат регламенті мен шешімінде көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайды.

56. Егер осы баптың 5-тармағында өзгеше көзделмесе, мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірінің төрағасы болмаған кезде мәслихат хатшысының шешімі бойынша оның өкілеттігін мәслихаттың басқа тұрақты комиссиясының төрағасы немесе мәслихаттың осы тұрақты комиссиясының мүшесі болып табылатын депутат уақытша жүзеге асырады.

 

 

 6.3. Мәслихаттың тұрақты және уақытша комиссиялары

 

          57. Мәслихат өз өкілеттігінің мерзіміне бірінші сессияда депутаттар қатарынан мәслихаттың қарауына жататын мәселелерді алдын ала қарау және дайындау, оның шешімдерін жүзеге асыруға ықпал ету, өз құзыреті шегінде бақылау функцияларын жүзеге асыру үшін тұрақты комиссиялар құрады. Тұрақты комиссиялардың төрағалары мен мүшелерін депутаттар арасынан ашық дауыс беру арқылы мәслихат сайлайды.

          Әрбір тұрақты комиссияның тізбесі, саны және құрамы жеке-жеке дауысқа салынады. Олардың сандық және дербес құрамы сессия төрағасының, мәслихат хатшысының ұсынысы бойынша айқындалады.

          Тұрақты комиссиялардың саны жетіден аспауға тиіс.

          Мәслихаттардың тұрақты комиссиялары төрағаларының кандидатуралары тұрақты комиссиялардың отырыстарына шығарылады. Кандидатуралардың санына шек қойылмайды. Мәслихат отырысында төрағалардың кандидатураларын талқылау әр комиссия бойынша жеке-жеке өткізіледі.

          Тұрақты комиссиялар жұмыс топтарын құра алады.

          58. Тұрақты комиссиялардың қызметін ұйымдастыру, функциялары мен өкілеттіктері Заңмен айқындалады.

          59. Мәслихаттың қарауына жатқызылған жекелеген мәселелерді сессияларда қарауға дайындау мақсатында мәслихат не мәслихаттың хатшысы уақытша комиссиялар құрады. Уақытша комиссиялардың құрамын, міндеттерін, өкілеттік мерзімдері мен құқықтарын оны құрған кезде мәслихат не мәслихаттың хатшысы айқындайды.

          60. Тұрақты комиссиялар өз бастамасы немесе мәслихат шешімі бойынша көпшілік тыңдаулар өткізе алады.

          Көпшілік тыңдаулар депутаттардың, атқарушы органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің, азаматтардың қатысуымен осы комиссиялардың кеңейтілген отырыстары нысанында тұрақты комиссияның қарауына жатқызылған өте маңызды және қоғамдық маңызы бар мәселелерді талқылау мақсатында өткізіледі.

          Көпшілік тыңдаулар өткізу үшін депутаттар қатарынан жұмыс тобы құрылады. Тыңдауларды дайындау үшін өзге мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мамандары жұмылдырылуы мүмкін.

Тұрақты комиссия енгізілетін мәселелер, оны өткізу орны мен уақыты туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кемінде 10 күн бұрын  халыққа    хабар береді.

Бұл мәселенің дайындығына жауаптылар тұрақты комиссияға көпшілік тыңдаулар өткізуге дейін 5 жұмыс күні бұрын материалдарды ұсынады.

Тыңдауларды мәслихат хатшысы немесе тиісті тұрақты комиссияның төрағасы өткізеді. Тыңдаулар ашық сипатта болады.

Төрағалық етуші көпшілік тыңдауға қатысушылармен келісіп, жұмыс Регламентін белгілейді. Әр қатысушының  талқыланатын мәселе бойынша сұрақтар қоюына және тыңдаудың жұмыс регламентіне сәйкес сөз сөйлеуіне болады.

          Көпшілік тыңдауларға тұрақты комиссия мүдделі мемлекеттік органдардың, қоғамдастықтың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін шақырады. Көпшілік тыңдауларда мәслихаттың басқа тұрақты комиссияларының депутаттары қатыса алады.

         Мәслихат аппараты, қажет болған жағдайда, көпшілік тыңдаулардың нәтижелерін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы белгіленген тәртіпте халыққа хабардар етеді.  

          61. Қаралатын мәселелер «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік немесе қызметтік құпияға жатқызылған жағдайларды қоспағанда, тұрақты комиссиялардың отырыстары, әдетте, ашық болады.

          Тұрақты комиссиялардың отырыстары қажеттiлiгiне қарай шақырылады және егер отырысқа олардың құрамына кiретiн депутаттардың жалпы санының жартысынан астамы қатысса, заңды болып есептеледi.

          Тұрақты комиссияның қаулысы комиссия мүшелерiнің жалпы санының көпшiлiк дауысымен қабылданады.

          Егер комиссияның отырысында дауыс беру кезiнде депутаттардың дауысы тең бөлiнген жағдайда, тұрақты комиссияның төрағасы шешушi дауыс құқығын пайдаланады.

          Тұрақты комиссияның қаулысы мен отырыстың хаттамасына оның төрағасы қол қояды, ал бiрнеше тұрақты комиссияның бiрлескен отырысы өткiзiлген жағдайда, тиiстi комиссиялардың төрағалары қол қояды.

 

6.4. Мәслихаттардағы депутаттық бірлестіктер

 

          62. Мәслихат депутаттары саяси партиялардың фракциялары және өзге де қоғамдық бірлестіктер, депутаттық топтар түрінде депутаттық бірлестіктер құра алады. Мәслихат хатшысы депутаттық бірлестіктерге кірмейді. Депутат тек бір ғана депутаттық фракцияда болуға құқылы.

          63. Депутаттық фракциялар мен топтарды тіркеу мәслихат сессиясында жүзеге асырылады, келіп тіркелу тәртібімен жүргізіледі және тек ақпараттық сипатта болады.

          64. Депутаттық бірлестіктердің мүшелері:

          1) мәслихаттың күн тәртібі, талқыланатын мәселелерді қарау тәртібі және олардың мәні бойынша ескертулер мен ұсыныстар енгізуі;

          2) мәслихат сайлайтын немесе тағайындайтын лауазымды адамдардың кандидатуралары бойынша пікірлерін айтуы;

          3) мәслихат шешімдерінің жобаларына түзетулер ұсынуы;

          4) депутаттық бірлестіктің қызметі үшін қажетті материалдар мен құжаттарды сұрауы мүмкін.

          65. Саяси партияның фракциясы өз қызметінде саяси партияның басшы органдарымен өзара іс-қимыл жасайды, сондай-ақ саяси партияның қоғамдық қабылдау бөлімінің жұмысына қатысады. Фракция мәслихаттың кемінде үш депутатын біріктіруге тиіс. Депутаттық топтың құрамында мәслихаттың кемінде бес депутаты болуға тиіс.

 

7. Депутаттық этика

          66. Мәслихат депутаттары:

          1) бір біріне және мәслихат сессияларының, мәслихат комиссиялары мен оның жұмыс органдарының жұмысына қатысатын барлық басқа да тұлғаларға құрметпен қарауға тиіс;

          2) өздері сөз сөйлегенде дәлелсіз айыптауларды, мәслихат депутаттарының және басқа тұлғалардың ар-намысы мен абыройына нұқсан келтіретін дөрекі, жәбірлейтін сөздерді қолданбауға тиіс;

          3) заңсыз және зорлық-зомбылық әрекеттерге шақырмауға тиіс;

          4) мәслихаттың, мәслихаттың тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтірмеуге тиіс;

          5) сөйлеушілердің сөзін бөлмеуге тиіс.

          67. Қалалық мәслихаттың депутаты өз депутаттық қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау бойынша жұмысты ұйымдастырады.

         Өз қызметі туралы қалалық мәслихат аппаратын тоқсанына 1 рет хабардар етеді.

68. Көпшілік іс-шараларды өткізуде бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлегенде, мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың қызметіне пікір білдіргенде депутат дәлелденген, тексерілген деректерді ғана қолдануы тиіс.

          69. Депутат мемлекеттік органдармен және ұйымдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара қатынастарда өзінің депутаттық мәртебесінің артықшылығын жеке мүддесі үшін пайдаланбауға тиіс.

          70. Егер бұл мәліметтер сессиялардың, мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен оның өзге де органдарының жабық отырыстарында қаралған мәселелерге қатысты болса, депутат өзіне депутаттық өкілеттігін жүзеге асыру барысында мәлім болған мәліметтерді жария ете алмайды.

          71. Мәслихат атынан өкілдік етуге арнайы өкілеттігі жоқ мәслихат депутаты мемлекеттік органдармен және ұйымдармен тек қана өз атынан байланысқа түсе алады.

          72. Мәслихат депутатына өз міндеттерін орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны, сондай-ақ мәслихат регламентінде белгіленген депутаттық этика қағидаларын бұзғаны үшін Заңның 21-бабына сәйкес жазалау шаралары қолданылуы мүмкін.

73. Депутат сессияның және тұрақты комиссияның жұмысына қатысуға мүмкіндігі болмаған жағдайда,  мәслихат хатшысын жазбаша хабардар етеді.

8. Мәслихаттың редакциялық және есеп комиссиялары

 

          74. Мәслихат ашық дауыс беру арқылы депутаттар қатарынан құрамы тақ санды құрайтын есеп және редакциялық комиссияларын сайлайды. Есеп және редакциялық комиссияларының құрамына мәслихат аппаратының қызметкерлері тартылуы мүмкін.

          75. Редакциялық комиссияның құрамы қаралатын мәселенің ерекшелігі, комиссия мүшелерінің мамандықтары, біліктіліктері мен жұмыс тәжірибелері ескеріле отырып қалыптастырылады.

           76. Ашық дауыс беру өткізілгенде есеп комиссиясы дауыс беру және оның қорытындысын шығару процесін ұйымдастырады.

          Есеп комиссиясы өз құрамынан төраға мен комиссия хатшысын сайлайды, оның шешімдері ашық дауыс беру арқылы көпшілік дауыспен қабылданады.

          Ашық дауыс беру басталмас бұрын сессия төрағасы дауысқа түскен ұсыныстардың санын көрсетеді, олардың мазмұнын оқиды.

          Жасырын дауыс берудің уақыты мен орнын, оны өткізудің тәртібін есеп комиссиясы мәслихат регламентінің негізінде белгілейді және есеп комиссиясының төрағасы хабарлайды. Бюллетеньдер беру тікелей дауыс беру алдында жүргізіледі, олар есеп комиссиясы белгілеген нысанда оның бақылауымен отырысқа қатысып отырған депутаттардың санына тең мөлшерде жасалады және есеп комиссиясының төрағасы қол қояды. Белгіленген нысанға сәйкес келмейтін бюллетеньдер санақта есепке алынбайды.

9. Аумақтық,  учаскелік

 сайлау комиссияларын сайлау

77. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының (одан әрі Конституциялық Заң) 10-бабына сәйкес қалалық мәслихат саяси партиялардың ұсынысы бойынша қалалық мәслихат депутаттарын сайлайтын аумақтық, учаскелік сайлау комиссияларын сайлайды.

78. Әрбір саяси партия осыған сәйкес сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсына алады.

Аумақтық, округтік, учаскелік сайлау комиссияларының мүшесі болып, белсенді сайлау құқығын иемдене алатын Қазақстан Республикасының азаматтары бола алады.

79. Сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру сайлау комиссияларының өкілеттігі аяқталудан 2 ай бұрын басталып, кемінде 3 күн қалғанда аяқталуы қажет.

80. Мәслихат сәйкес комиссияларға кандидатуралар ұсынуға 1 айдан кем болмайтын уақыт белгілейді, жаңа сайлау комиссияларын құру жөніндегі жұмыстың басталғаны туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарлайды. Хабарламада құрылатын сайлау комиссияларының тізімі кқрсетіледі және сайлау  комиссиясының құрамына кандидатуралар ұсыну тәртібі белгіленіп, осы ұсыныстар тапсырылатын мекенжай көрсетіледі.

81. Қалалық мәслихаттың хатшысы бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау комиссияларын құру туралы хабарландыру берместен 3 күн бұрын өзінің өкімімен қалалық мәслихат депутаттарынан және мәслихат аппараты қызметкерлерінен тұратын сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру жөнінде Жұмыс тобын құрады (бұдан әрі Жұмыс тобы).

82. Аумақтық, учаскелік сайлау комиссияларының құрамына кандидатураларды ұсыну мәслихат хабарлама берген күннен басталады.

83. Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар ұсыну туралы шешімді саяси партиялардың, басқа да қоғамдық бірлестіктердің органы, не Жарғыға сәйкес олардың өкілдіктері бар құрылымдық бөлімдері қабылдайды, сонымен бірге жоғары тұрған сайлау комиссиясы көрсеткен сайлау комиссияларына ұсынылады.

Ұсынылған кандидатура Конституциялық заңның 19 бабыбнда белгіленген талаптарға сай болуы қажет.

84. Мәслихат белгіленген мерзімде саяси партиялардан ұсыныстар болмаған жағдайда өзге қоғамдық бірлестіктер мен жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұыныстарын қарайды.

85. Саяси партиялар, басқа да қоғамдық бірлестіктер, олдардың құрылымдық бөлімдері, жоғары тұрған сайлау комиссиялары мәслихат көрсеткен мерзімде мәслихат белгіленген үлгіде сайлау комиссиялары көрсетілген кандиттар тізімін жіберіп, оған қоса:

саяси партия немесе басқа да қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімдері мәжілісінің хаттамаларынынан, жоғары тұрған сайлау комиссиясы шешімінен үзіндіні;

саяси партия немесе басқа да қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімдерінің әділет органдарында тіркелгені құжаттың көшірмесі;

сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімін берген кандидаттың қалалық мәслихатқа өтініші, кандидаттың өмірбаяны туралы мәліметтерді ұсынады.

86. Мәслихаттың Жұмыс тобы қалыптастырылатын сайлау комиссиясының құрамына кандидаттар туралы түскен мәліметтерді жинайды және талдайды, жасырын дауысқа бюллетеньдер үлгісін дайындап, дауыс беру мен дауысты санаудың тәртібі туралы ұсыныс дайындайды.

87. Сайлау комиссияларының құрамын дайындауда Жүмыс тобы ең алдымен саяси партиялардан түсекн ұсыныстарды басшылыққа алады. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 3 тармағымен және осы Регламентпен тәртіп пен мерзімде қажетті материалдар қала әкіміне, қалалық мәслихат депутаттарына ұсынылады.

88. Мәслихат сессияда дауыс беру тәртібін Жқмыс тобының ұсынысы бойынша төмендегі нұсқалар бойынша белгілейді:

егер саяси партиялардан үскен ұсыныстар тиісті сайлау комиссиясы мүшелерінің санына тең болса (жеті) немесе артық болса (жетіден көп) онда осы комиссиясының құрамын құпия дауыспен сайлауды ұсынады;

егер саяси партиялардан түскен ұсыныстар тиісті сайлау комиссиясы мүшелерінің санынан кем болса (жетіден аз) бұл жағдайда сайлау комиссиясының құрамына бос орынға басқа да қоғамдық бірлестіктер, жоғары сайлау комиссиялары ұсынған кандидатуралар кіргізіледі және ашық не жасырын дауыс беру беру өткізіледі.

89. құпия дауыс беру үшін  мәслихат 5 депуттан тұратын есеп комиссиясын сайлайды. Есеп комиссиясы өзінің мәжілісінде комиссияның төрағасы мен хатшысын сайлайды.

90. Құпия дауыс беру бюллетендерді пайдалану арқылы жүргізіледі.

91. Есеп комиссиясының шешімі оның мұшелерінің көпшілік даусымен қабылданады.

92. Бюллетень үлгісін Жұмыс тобы әзірлейді. Құпия дауыс беруге арналаған бюлллетеньдерді  Жұмыс тобы сайланған қалалық мәслихат депутаттар санына және сайлау комиссияларының санына сәйкес дайындайды және есеп комиссиясымен беріледі.

Бюллетендерді беріп болған соң есеп комиссиясында қалғандарын комиссия төрағасы мәслихат депуттарының көзінше жояды.

Дауыс беру орны мен уақытын, дауыс беру тәртібін есеп комиссиясы анықтап, ол туралы депуттарға есеп комиссиясының төрағасы хабарлайды.

93. Құпия дауыс беруге арналған бюллетеньдер депуттарға мәслихат белгілеген мөлшерде тізімге сәйкес беріледі. Бюллетеньді алған кезде қалалық мәслихат депутаты тізімдегі өзінің аты-жөнінің қарама-қарсына қол қояды. Бюллетенге қалалық мәслихаттың мөрі  қойылуы тиіс.

94. Бюллетендерді депутат кабинада немесе құпия дауыс беруге арналған жеке бөлмеде кандидатураның аты-жөнінің оң жағында барлығы жеті шаршыда (V) деген белгі қою арқылы толтырады.

95. Құпия дауыс беруге арналған бюллетендер есеп комиссиясы мөо басқан арнаулы жәшікке саылнады.

96. Депуттардың даусын санағанда бюллетень белгіленген үлгіде болмаса, сондай-ақ бюллетеньде қалалық мәслихаттың елтаңбасы бар мөрі болмаған, жеті кандиттан көп қалып қойғанда, дауыс берушінің ерік-қалауын анықтау мүмкін болмаған жағдайларда бюллетень жарамсыз деп саналады.

97. Құпия дауыс берудің қорытындысы бойынша есеп комиссиясы оның  хаттамасын толтырып, оағн комиссия төрағасы, хатшысы, комиссияныі барлық мүшелері қол қояды.

Дауыс берудің қорытындысы бойынша есеп комиссиясының жасаған хаттамасының үлгісін Жұмыс тобы жасайды және сессияда бекітіледі.

Есеп комиссиясының төрағасы дауыс берудің қорытындысын жариялайды және сайлау комиссиясының мүшесі туралы хабарлап, оған сайлау комиссиясының ұйымдастырушы мәжілісін жұргізуді тапсырады.

Есептеу комиссиясы анықтаған дауыс берудің қорытындысын қалалық мәслихат бекітеді.

98. Депутаттардың жалпы санының көпшілік даусын алған кандидатура сайлау комиссиясының мүшесі болып сайланды деп есептеледі.

99. Егер дауыс беру кезінде сайлау комиссиясының құрамы жөнінде ұсынылған кандидатуралар саны сайланушы комиссияның құрамының санына сәйкес болып, депуттар нақты бір кандидатура туралы қарсы өз ойларын білдірсе, онда қалалық мәслихат, оны сол партияның, қоғамдық бірлестіктің, не жоғары тұрған сайлау комиссиясының өкілімен мәслихат белгілеген тәртіпте алмастырады.

Бұл процедура бір реттен артық жүргізілмейді.

Бұл ұсынылған кандидатуралар саны сайлау комиссияларының сандық құрамынан артық сайлау комиссияларына қатысты.

Егер екінші рет те кандидатура өтпесе, онда қалалық мәслихатпен белгіленген мерзімде және тәртіпте басқа қоғамдық бірлестіктерден және жоғары тұрған сайлау комиссияларынан ұсыныстар қабылданады және дауыс беру процедурасы қайталанады.

100. Дауыс берудің қорытындысы бойынша мәслихат аумақтық,  учаскелік сайлау комиссияларының сайланғаны туралы шешім қабылдайды.

Сайлау комиссиялары құрамының сайланғаны туралы комиссия мүшелеріне мәлімет береді.

101. Аумақтық, учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары, төрағаның орынбасарлары, хатшылары сайлау комиссияларының бірінші мәжілісінде сайланады, ол мәжіліс оларды сайлағаннан соң 7 күннен кешікпей өтуі тиіс және қорытындысын сайланған төрағалар қалалық  мәслихатқа 7 күндік мерзімде хабарлауы керек.

102. Сайлау комиссияларының сайланғаны туралы мәслихаттың шешімін олардың кұрамын, орналасқан орнын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау қажет. Тізімі қалалық ресми басылымның бір нөмірінде жарық көруі тиіс.

103. Аумақтық, учаскелік сайлау комиссияларының мүшесі өзінің міндетінен Конституциялық занның 19-бабының 6 және 7-тармақтарында көрсетілген жағдайларда қалалық сайлау комиссиясының ұсынысы бойынша қалалық мәслихаттың шешімімен босатылады.

104. Жоғары тұрған сайлау комиссиясы Конституциялық Занның 19 – бабы 8-тармағының негізінде мәслихат сайлау комиссиясының мүшелерін сайлағанға дейін шығып кеткен мүшелердің орнына аумақтық, учаскелік комиссиялардың мүшесін тағайындайды.

105. Сайлау комиссиясының мүшелігі қызметінің бос орнына осы сайлау комиссиясында өкілдері жоқ саяси партиялардың және басқа да қоғамдық бірлестіктер, жоғары тұрған сайлау комиссияларынан ұсыныстары қабылданады.

 

10. Мәслихат аппаратының жұмысын ұйымдастыру

106. Мәслихат пен оның органдарының қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету, депутаттарға өздерiнiң өкiлеттiктерiн жүзеге асыруға көмек көрсету үшін мәслихат аппараты құрылады.

Мәслихат аппараты жергiлiктi бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекеме болып табылады.

Мәслихат аппараты туралы ережені мәслихат бекітеді.

107. Мәслихат Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген штат саны мен бөлінген қаражат лимитi шегiнде мәслихат аппаратының құрылымын бекiтедi, оны ұстауға және материалдық-техникалық қамтамасыз етуге арналған шығыстарды айқындайды.

108. Мәслихат аппаратының мемлекеттiк қызметшiлерiнiң қызметi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Мәслихаттың өкiлеттiк мерзiмi аяқталғанда, мәслихат өкiлеттiгi мерзiмiнен бұрын тоқтатылған және оның депутаттарының жаңа құрамы сайланған жағдайларда, мәслихат аппаратының мемлекеттiк қызметшiлерiнiң қызметi тоқтатылмайды.


Қалалық мәслихатының хатшысы
АҚЖАЛОВ Бейсенбек Тоқтарбекұлы
ВОЙТИ

 

Мәслихат сессиялары отырыстарының
онлайн көрсетілімі

Аitube.KZ        YouTube.KZ

 

S5 Box