Негiзгi бет

Қалалық мәслихаттың кезектен тыс 57 сессиясы туралы

02-11-2020Қалалық мәслихаттың кезектен тыс 57 сессиясы конференц-байланыс режимінде өтті. Сессияға 17 депутат қатысты.

Депутаттардың қарауына 4 мәселе енгізілді:

  1. «Семей қаласының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы» Семей қаласы мәслихатының 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 47/310-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

  2. «Семей қаласының ауылдық елдi мекендеріне жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2020 жылға арналған әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы» Семей қаласы мәслихатының 2020 жылғы 3 наурыздағы № 49/335-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

  3. «Семей қаласының аумағын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған Бағдарламасын бекіту туралы» Семей қаласы мәслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 47/261-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

  4. Сайлау комиссияларынан шыққандардың орнына жаңадан мүшелерді сайлау туралы.

Депутаттармен байланысқа қалалық мәслихат сессиясының төрағасы А.Әмренов шықты. Ашық дауыс беру арқылы сессияның күн тәртібі, редакциялық комиссияның құрамы, сондай-ақ кезектен тыс сессияның регламенті бекітілді.

Сессияның бірінші сұрағы бойынша экономика және қаржы бөлімінің басшысы Р.Құдайбергенқызы баяндама жасады. Бірінші мәселені зерделеу нәтижесінде Семей қаласы мәслихатының 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 47/310-VI "Семей қаласының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6469 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2020 жылғы 10 қаңтарда жарияланған) бірқатар өзгерістер енгізу туралы бірауыздан шешім қабылданды.

Сессияның екінші сұрағы бойынша экономика және қаржы бөлімінің басшысы Р.Құдайбергенқызы баяндама жасады. Талқылау нәтижесінде Семей қаласы мәслихатының 2020 жылғы 3 наурыздағы № 49/335-VI шешімінің атауына, 1-тармағына өзгерістер енгізу және оларды жаңартылған редакцияда көрсету туралы шешім қабылданды.

Үшінші мәселе бойынша экономика және қаржы бөлімінің басшысы Р.Құдайбергенқызы баяндама жасады. Ашық дауыс беру арқылы аталған шешіммен бекітілген Семей қаласының аумағын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасы жаңа редакцияда жазылсын.

Төртінші мәселе туралы қалалық мәслихат хатшысы Б. Т. Ақжалов баяндады. "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" ҚР Конституциялық Заңының 10, 19-баптарына, "Сайлау комиссияларының жекелеген мүшелерін міндеттерінен босату туралы" 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 56/406-VI шешіміне сәйкес және дауыс беру қорытындылары негізінде Семей қаласының мәслихаты шығып қалғандардың орнына учаскелік сайлау комиссияларының құрамына 100 жаңа мүше сайлау туралы шешім қабылдады.

Сессияның барлық мәселелері өткізу регламентін сақтай отырып қаралды.


Қалалық мәслихатының хатшысы
АҚЖАЛОВ Бейсенбек Тоқтарбекұлы
ВОЙТИ

 

Мәслихат сессиялары отырыстарының
онлайн көрсетілімі

Аitube.KZ        YouTube.KZ

 

Кім сайтта

Қазір 5 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

S5 Box