Семей қаласы мәслихатының кезектен тыс сессиясы 2020 жылдың 2 желтоқсанында сағат 10.00-де Zoom Cloud meetings бағдарламасы арқылы конференц-байланыс режимінде өтеді (Қ. Мұхамедханов көшесі, 8, 202 каб.)
Депутаттарды және шақырылғандарды тіркеу 09 сағ. 30 мин.
Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауды іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 142-тармағын іске асыру шеңберінде 2020 жылдың қазан айында YouТube KZ видеохостингі арқылы мәслихаттың сессия отырыстарын міндетті түрде онлайн-трансляциялау енгізілді. Семей қаласы мәслихатының Ютуб каналы https://www.youtube.com/channel/UCehHIGL1gEi3cRTrFF_-qsw мекен-жай бойынша құрылды.
Ұсынылатын күн тәртібі:
Семей қаласы мәслихатының 2019 жылғы 23 желтоқсандағы №47/310-VI «Семей қаласының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы».
«Семей қаласы Қоғамдық кеңесінің құрамын және Қоғамдық кеңес туралы Ережені бекіту туралы» Семей қаласы мәслихатының 2019 жылғы 28 наурыздағы № 36/249-VI шешіміне өзгеріс енгізу туралы.