Негiзгi бет

Қалалық мәслихаттың кезектен тыс 60 сессиясы туралы

09-12-202060 внеочередная сессия городского маслихата прошла в режиме конференц-связи. В сесиии приняли.

Қалалық мәслихаттың кезектен тыс 60 сессиясы конференц-байланыс режимінде өтті. Сесияға 21 депутат қатысты.

Депутаттардың қарауына 2 мәселе шығарылды:

1. Депутат Т. Б. Баймуринов туралы.

2. Депутат С. В. Родионов туралы.

Сессияны қалалық мәслихат сессиясының төрағасы А.Амренов бастады. Ашық дауыс беру арқылы сессияның күн тәртібі, редакциялық комиссияның құрамы, сондай-ақ кезектен тыс сессияның регламенті бекітілді.

Бірінші және екінші сұрақтар бойынша қалалық мәслихат хатшысы Б.Ақжалов баяндама жасады. Қалалық мәслихат депутаттарының № 12 сайлау округі бойынша Талғат Болатұлы Баймуриновтың және № 20 сайлау округі бойынша Сергей Владимирович Родионовтың орындарынан түсу туралы жеке өтініштерін қарап, Семей қаласының мәслихаты "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 3-тармағының 8) тармақшасына сәйкес олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдады.

Сессияның барлық мәселелері өткізу регламентін сақтай отырып қаралды.


Қалалық мәслихатының хатшысы
АҚЖАЛОВ Бейсенбек Тоқтарбекұлы
ВОЙТИ

 

Мәслихат сессиялары отырыстарының
онлайн көрсетілімі

Аitube.KZ        YouTube.KZ

 

Кім сайтта

Қазір 30 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

S5 Box