Семей қаласы мәслихатының кезектен тыс сессиясы 2021 жылдың 8 қантарында сағат 10.00-де Zoom Cloud meetings бағдарламасы арқылы конференц-байланыс режимінде өтеді.
Депутаттарды және шақырылғандарды тіркеу 09 сағ. 30 мин.
Қалалық мәслихат сессиялары отырыстарының онлайн көрсетілімі YouTube KZ видеохостингі арқылы https://www.youtube.com/channel/UCehHIGL1gEi3cRTrFF_-qsw мекенжай бойынша жүргізіледі (сілтемесі Семей қаласы мәслихатының ресми интернет-ресурсында орналасқан).
Ұсынылатын күн тәртібі:
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы.
Семей қаласы мәслихатының 2019 жылғы 18 қаңтардағы № 34/227-VI «Тұрғын үй көмегінің мөлшерін белгілеудің және оны көрсету тәртібінің ережесін бекіту туралы»шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Семей қаласы азаматтарының жекелеген санаттарының қала ішіндегі қоғамдық көлікте жеңілдікпен жол жүруі туралы.