Негiзгi бет

Қалалық мәслихаттың кезектен тыс 63 сессиясы туралы

08-01-2021

Қалалық мәслихаттың кезектен тыс 63 сессиясы конференц-байланыс режимінде өтті. Сессияға 15 депутат қатысты.

Депутаттардың қарауына 3 мәселе шығарылды:

  1. Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы.

  2. Семей қаласы мәслихатының 2019 жылғы 18 қаңтардағы № 34/227-VI «Тұрғын үй көмегінің мөлшерін белгілеудің және оны көрсету тәртібінің ережесін бекіту туралы»шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

  3. Семей қаласы азаматтарының жекелеген санаттарының қала ішіндегі қоғамдық көлікте жеңілдікпен жол жүруі туралы.

Сессияны қалалық мәслихаттың хатшысы Б.Ақжалов бастап өткізді. Ашық дауыс беру арқылы сессияның күн тәртібі, редакциялық комиссияның құрамы, сондай-ақ кезектен тыс сессияның регламенті бекітілді.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі бастығының орынбасары З.К. Мұстафина баяндама жасады. Қарау барысында Семей қаласының мәслихаты әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ Семей қаласы мәслихатының 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 52/379-VI "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешімінің күші жойылды деп танылды.

Екінші мәселе бойынша жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі бастығының орынбасары З.К. Мұстафина баяндама жасады. Қалалық мәслихат депутаттары бірауыздан Семей қаласы мәслихатының 2019 жылғы 18 қаңтардағы № 34/227-VI "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне сессияда қаралған өзгерістерді енгізу туралы шешім қабылдады.

Семей қаласы азаматтарының жекелеген санаттарының қалаішілік қоғамдық көлікте жеңілдікпен жол жүру мәселесі бойынша С.С. Жұманов баяндама жасады. Талқылау барысында қалалық мәслихат көпшілік дауыспен келесі санаттағы азаматтарға қалаішілік қоғамдық көлікте жеңілдікпен жол жүруді белгілеу туралы шешім қабылдады: Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерлерге, І топтағы көзі көрмейтін мүгедектерлері мен жетектеушілеріне, ІІ топтағы көзі көрмейтін мүгедектерлерге, ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлерге – тегін жол жүру, 70 жастан асқан зейнеткерлерге – тарифтің 50%. Қаржыландыру көзі ретінде қалалық бюджетті анықтады.


Қалалық мәслихатының хатшысы
АҚЖАЛОВ Бейсенбек Тоқтарбекұлы
ВОЙТИ

 

Мәслихат сессиялары отырыстарының
онлайн көрсетілімі

Аitube.KZ        YouTube.KZ

 

Кім сайтта

Қазір 34 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

S5 Box