Негiзгi бет

VII шақырылған Семей қаласы мәслихаттың бірінші ұйымдастыру сессиясы

14.01.2021

Бүгін 2021 жылдың 14 қаңтарында VII шақырылған Семей қаласы мәслихатының бірінші ұйымдастыру сессиясы өтті.

Сессияны Семей қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Зейнолла Қалымбекұлы Тоқаев ашты. Ол өткен сайлаудың нәтижелері туралы ақпарат берді. Өткен сайлау нәтижесінде VII шақырылған Семей қаласы мәслихатының жаңартылған құрамы таныстырылды. Оның құрамында 24 депутат, оның ішінде 20 депутат "Nur Otan" Партиясы" ҚБ, 2 депутат "Ақ жол" ҚДП" ҚБ, 2 депутат "Ауыл" ХДПП" ҚБ.

Қалалық мәслихаттың бірінші ұйымдастыру сессиясының жұмысына қатысу үшін 24 депутаттан 21 депутат тіркелді. Жаңадан сайланған депутаттарға депутаттық төсбелгілер табыс етілді.

Ашық дауыс беру арқылы сессияның күн тәртібі, редакциялық комиссияның құрамы, сондай-ақ VII шақырылған мәслихат сессиясын өткізу регламенті бекітілді.

Депутаттардың қарауына 10 мәселе шығарылды.

Қалалық сайлау комиссиясының төрағасы күн тәртібіндегі бірінші мәселені талқылауға шығарды. Депутаттар Семей қаласы мәслихатының бірінші ұйымдастыру сессиясының регламентін бекітті.

Екінші мәселе бойынша депутат Бауыржан Сейтжапарұлы Қайрамбаевтың кандидатурасы талқылауға ұсынылды. Бір ауыздан дауыс беру арқылы Б.С. Қайрамбаев Семей қаласы мәслихатының бірінші сессиясының төрағасы болып сайланды.

Бірінші сессияның жаңадан сайланған төрағасы төрағалық етушінің орнын алып, сессия жұмысын жалғастырды.

Үшінші мәселе бойынша мәслихаттың бірінші сессиясының хатшылығы құрылды.

Депутаттар мәслихаттың редакциялық және есеп комиссияларының мүшелерін сайлады.

Бірінші сессияның регламентіне сәйкес депутаттар бірауыздан қалалық мәслихаттың хатшысын ашық дауыс беру арқылы сайлау туралы шешім қабылдады.

Депутат А.С. Арғынбекова сөз алып, VII шақырылған Семей қаласы мәслихатының хатшысы лауазымына Бейсенбек Тоқтарбекұлы Ақжаловтың кандидатурасын "Nur Otan" партиясы филиалы фракциясының талқылау және ұсыну туралы хаттамасын ұсынды. Депутаттар бірауыздан дауыс беру арқылы бұл кандидатураны бекітті.

Сессия барысында мәслихаттың төрт тұрақты комиссиясы құрылып, олардың дербес құрамы бекітілді.

Мәслихаттың алдағы сессиясын өткізу үшін VII шақырылған Семей қаласы мәслихатының кезекті сессиясының төрағасы лауазымына Р.С.Хазиповтың кандидатурасы бекітілді.


Қалалық мәслихатының хатшысы
АҚЖАЛОВ Бейсенбек Тоқтарбекұлы
ВОЙТИ

Кім сайтта

Қазір 15 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

S5 Box