Негiзгi бет

Семей қаласы әкімінің лауазымына келісу туралы

25-01-20212021 жылдың 25 қаңтарында VII шақырылған Семей қаласы мәслихатының кезектен тыс екінші сессиясы өтті.

Мәслихат сессиясының отырысында Шығыс Қазақстан облысының басшысы Даниал Ахметов Семей қаласының әкімі лауазымына тағайындау үшін Сақтағанов Нұрымбет Аманұлының кандидатурасын келісуге ұсынды.

Депутаттар бұл кандидатураны бірауыздан қолдады.

Сақтағанов Нұрымбет Аманұлы, 1970 жылы туған, Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы. Бұрын әр түрлі лауазымдарды атқарған, соның ішінде ШҚО әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Соңғы лауазымы - Ұлан ауданының әкімі.

Қызылорда педагогикалық институтын, Қызылорда аграрлық-техникалық колледжін, Мәскеу мемлекеттік экономика, статистика және информатика университеті қашықтықтан білім беру институтын, Мәскеу мемлекеттік экономика, статистика және информатика университетінің Қызылорда қаласындағы филиалын, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеттерін мұғалім, бухгалтер, заңгер, экономика және бизнес мамандықтары бойынша бітірген.


Қалалық мәслихатының хатшысы
АҚЖАЛОВ Бейсенбек Тоқтарбекұлы
ВОЙТИ

 

Мәслихат сессиялары отырыстарының
онлайн көрсетілімі

Аitube.KZ        YouTube.KZ

 

Кім сайтта

Қазір 13 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

S5 Box